Адырна күнтізбесі: Бүгін əлемдік админдер күні

556
Handsome man and attractive woman are working in data centre with laptop. IT engineer specialists in network server room. Running diagnostics and maintenance. Technicians examining server.
Handsome man and attractive woman are working in data centre with laptop. IT engineer specialists in network server room. Running diagnostics and maintenance. Technicians examining server.

Жыл сайын шілде айының соңғы жұмасында корпоративтік және үй желілері, мәліметтер базасы, пошта жүйелері мен бағдарламалық жүйелер секілді басқа «көрінбейтін майданның жауынгерлері» өздерінің кәсіби мерекелерін - Жүйелік әкімші күнін атап өтеді. Американдық нұсқада айтар болсақ, жүйе әкімшісіне ризашылық білдіру күні (System Administrator Appreciation Day, SAAD).

Жүйелік әкімші (ағылш. System administrator), IT әкімшісі - компьютерлік техника, желілер мен бағдарламалық қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысатын қызметкер.

Сисадминнің негізгі міндеттері:

аппараттық және бағдарламалық жасақтау және күйге келтіру;
деректердің резервтік көшірмелерін дайындау және сақтау;
пайдаланушылардың есептік жазбаларын құру және жүргізу;
жүйенің ақауларын жою;
кәсіпорынның желілік құрылымын кеңейту бойынша жұмыстарды жоспарлау және жүйелі жүргізу;
жасалған барлық әрекеттерді тіркеп отыру.

Жүйелік әкімші көбіне ұйымдағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелерімен айналысады.

Сисадминнің (System administrator) кәсібі дәрігерге ұқсайды - егер бәрі жақсы жұмыс істеп тұрса, оны ешкім де есіне алмайды. Ал егер қандай да бір ақау бола қалса, бәрі администраторды еске алады және белсенді түрде көмектесуін талап етеді.

Мерекенің негізін қалаушы - американдық, Чикагодағы жүйелік әкімші Тед Кекатос. Оның ойынша, жүйелік әкімшілер кем дегенде жылына бір рет  қолданушылардың ризашылығын сезінуі керек. Бұл танымал мереке алғаш рет 2000 жылдың 31 шілдесінде атап өтілді. Мереке қазіргі таңда халықаралық аренаға сенімді түрде енуде.

Бұл күн - корпоративті желілер мен компьютерлердің әл-ауқатын қорғайтын «көрінбейтін майданның» қарапайым қызметкерлері ұлықталатын күн. Сіздің компанияңыздың да сәтті жұмысы сол администраторға тікелей байланысты емес пе?

Егер сіз осы жолдарды оқып отырсаңыз, онда sysadmin-ге алғыс айтыңыз! Электрондық поштаңызға мыңдаған хаттардың үздіксіз келуі, Жердің кез-келген нүктесінде отырып Интернетке қосыла алғаныңыз, сүйікті сілтемелеріңіздің келіп тұруы, оқитын пайдалы сайттарыңыз, бәрі-бәрі ЖҮЙЕЛІК ӘКІМШІНІҢ ерен еңбегінің арқасы. Ал сіз осы әрекеттердің барлығының артында біреудің тұрғанын білген бе едіңіз? Білсеңіз, администраторларды құттықтап, бір қуантып қойыңыз. Білмесеңіз, мақала пайдалы болғанына қуаныштымыз!

Аяулым ӘБІЛДA,
“Адырна” ұлттық порталы

 

 

Пікірлер
Редакция таңдауы