Сәтімжанның 85 жылы

1227
Adyrna.kz Telegram
Сурет: adebiportal.kz
Сурет: adebiportal.kz

Бүгін көрнекті қаламгер, аудармашы, киноактер Сәтімжан Санбаевтың туғанына 85 жыл толды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол 1939 жылы 16 қыркүйекте қазіргі Атырау облысының, Мақат селосында өмірге келген. Орынбор ауыл ша­­­руашылығы институтын, КСРО Жазушылар одағы жанындағы Жоғары әдеби курсты тәмамдаған.

Әр жылдарда Атырау облысының Энгельс совхозында бас инженер, Павлодар трактор зауытында инженер-конструктор, Балқаш кен-металлургия комбинатында инженер, «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі, Азия-Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақ комитетінде жауапты хатшы, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, «Невада-Семей» қозғалысында вице-президент, Ш.Айманов атындағы ұлттық кинокомпанияда бас редактор болып жемісті қызмет атқарған.

Шығармаларын орыс тілінде жазатын Сәтімжан Санбаевтың алғашқы повестері «И вечный бой», «Белая аруана» 1968 жылы «Простор» журналында жарық көрген. Қаламгердің қаламынан туған «Белая аруана», «Дорога только одна», «Аруана», «Колодцы знойных долин», «Времена года нашей жизни», «Когда жаждут мифа», «Медный колосс» сияқты кітаптары оқырман қауым мен сыншылардан жоғары бағасын алған.

Шығармалары қазақ тіліне, сондай-ақ, көптеген шетел тілдеріне аударылған.

«Флакон одеколона» атты драмасы республика театрларында табысты қойылып жүр. Оның кино саласындағы еңбегі де орасан. «Ұшы-қиырсыз жол», «Той боларда», «Шоқан Уәлиханов», «Батыр Баян» көркем фильмдерінде басты рөлдерде ойнаған. «Қыз Жібек», «Ыстықкөл қызғалдақтары» кинофильмдерін сәтті аударған. «Там, где горы белые», «Дом у соленого озера» кинофильмдерінің авторы. Абайдың қарасөздерін, М.Әуезовтің, С.Бе­галиннің, Ә.Сәрсенбаевтың, Қ.Ысқақтың, тағы да басқа қазақ жазушыларының шығарма­­­ларын орыс тіліне тәржімалаған.

«Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

Пікірлер