Ұлыбританияда мысықтан коронавирус табылғаны расталды

1256

«Ұлыбританияда алғаш рет мысықтан коронавирус табылғаны расталды» деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы rbk.ru-ға сілтеме жасап.

Бұл мәлімет Ұлыбритания үкіметінің сайтында жарияланды. Болжам бойынша, мысық COVID-19-ды вируспен ауырған иелерінен жұқтырған.

Қазіргі таңда мысық та, оның иелері декоронавирустан айығып үлгерді.

Ұлыбританияның бас ветеринарлық дәрігері Кристин Медитим жануарлардың вирус жұқтыруы алаңдаушылық туғызбайтынын атап өтті. «Бұл өте сирек кездесетін оқиға, әзірге вирус жұқтырған жануарларда клиникалық белгілер ғана байқалады және олар бірнеше күн ішінде қалпына келуде», - деді ол.

Бас дәрігердің сөзінше, үй жануарларының вирусты адамдарға тікелей жұқтыратындағы туралы ешқандай дәлел жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, АҚШ пен Ресейде де мысықтан коронавирус анықталған болатын.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Дүниежүзілік жануарлардың денсаулығын сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, адамдардың иттер мен мысықтардан COVID-19 жұқтыру фактілері әлі анықталған жоқ және жануарлардың вирус тарататындығы туралы ешқандай дәлел жоқ. Алайда, ғалымдар COVID-19-дың ауа арқылы бір мысықтан екінші мысыққа берілуі мүмкін екенін растады.

 

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы