Үш бірдей әкім отставкаға кетуге өтініш жазды

1402

Қазақстанның үш өңірінде өз қол астындағыларының сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандары үшін үш  мемлекеттік қызметкер  отставкаға өтініш берді  деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы агенттігі  Парасаттылық департаментінің директоры  Ғанижан Асанұлы. Бұл туралы Адырна ұлттық порталы Zakon.kz – ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

 Бағыныштыларының  сыбайлас жемқорлықтарынан болып басшылардың отставкаға кетуі және тәртіптік  жауапкершіліктері  туралы өткен жылдың соңында қабылданған заңнамалық норманың орындалуына Агенттік мониторингті жалғастыруда.  Бүгінде бағыныштыларының   сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарынан болып  отставкаға кету  туралы үш саяси мемлекеттік қызметші  өтініш  жазды, — деп хабарлады Агенттік өкілі.

Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі – оған бағынышты ауыл әкімінің сыбайлас жемқорлыққа кінәлі деп тану туралы үкім шыққаннан кейін  отставкаға кетті.   Өз еркімен қызметінен босатылды.

Батыс қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының әкімі, оған  бағынышты-аудандық білім беру бөлімінің басшысы 2019 жылдың 10 желтоқсанына дейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағанына қарамастан отставкаға кетті. Оның қарамағындағы адам 367-бабының 2-бөлігі және 190-бабының 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылып, үш жарым  жылға  сотталды.

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімі қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының  сыбайлас жемқорлығы  үшін отставкаға кетуге өтініш білдірген. Оның өтініші  қабылданған жоқ,  оған  сөгіс жарияланды.

Бұған қоса Қостанай облысы Рудный қаласы аппаратының басшысы Қашар кентінің әкіміне қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты тергеуге байланысты өз еркімен жұмыстан кету  туралы өтініш жазды.  «Бұл мен үшін  оңай шешім емес деді ол. Бұл лауазымды атқаруға моральдық құқым жоқ. Мен Рудный қаласы әкімі аппаратының  басшысымын ғой, оның үстіне  әдеп жөніндегі уәкілмін», деді.

Сотқа дейінгі тергеу және сот талқылауы кезеңінде бірқатар мемлекеттік қызметшілерге  қатысты қылмыстық істер бар. Олар қылмыстық жауапкершілікке тартылған жағдайда саяси мемлекеттік қызметтерде жүрген 16 басшы отставкаға жіберілуі тиіс, — деп қортындылады Ғани Асанұлы.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар