Нұр-Сұлтанда 351 рет ереже бұзған көлік жүргізушісі ұсталды

4962
Adyrna.kz Telegram

 Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің қызметкерлері 351 рет ереже бұзған көлік жүргізушісін ұстады. Ұсталған жігіт Қырғыз Республикасының азаматы болып шықты.

«Есіл аудандық Полиция басқармасына такси жүргізшілерінің бірі жүгініп, Тұран даңғылының бойымен «Субару Оутбак» маркалы автокөліктің күнде жол ережесін өрескел бұзатынын хабарлады.

"Полиция қызметкерлері тергеуді бастап, аталмыш көлікті жүргізген Қырғызстан азаматын ұстады. «Сергек» камераларын зерттеу барысында оның жол жүру ережесін 351 рет бұзғаны анықталды. Ол 77 рет қоғамдық көліктің жолына шығып кетсе, 274 рет жылдамдық режимін арттырған. Қала ішінде кейде сағатына 142 шақырыммен жүрген. Жүргізушіге жалпы сомасы 7 млн теңге айыппұл салынды.», - деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Қазақпарат

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер