«WORLDSKILLS AQMOLA– 2024» байқауы: үздіктер ұлттық чемпионатқа жолдама алады

515
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақмола облысы білім басқармасынан
Фото: Ақмола облысы білім басқармасынан

«WORLDSKILLS AQMOLA– 2024» жұмысшы мамандықтарының өңірлік чемпионаты 400-ге жуық қатысушыны қарсы алды

Ақмола облысы білім басқармасының мәліметінше, 10 сәуірден бастап 19 сәуірге дейін «WORLDSKILLS AQMOLA– 2024» өңірлік кәсіби шеберлік байқауы өтіп жатыр.

Аталмыш іс-шара жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру, экономиканың өндірістік секторына жас кадрларды тарту және халықаралық талаптарды ескере отырып, кәсіптік білім берудің біліктілік стандарттарын жетілдіруге ықпалын тигізеді.

Ақмола облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан байқауында 63 құзыреттілік бойынша 16 жастан 22 жасқа дейінгі 400-дей қатысушы «Құрылыс және құрылыс технологиялары», «Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар», «Өндірістік және инженерлік технологиялар», «Өнер және дизайн», «Әлеуметтік және жеке қызметтер», «Көлік және логистика», «Білім беру», «AgroSkills», «AbilimpiksSkills» бағыттары бойынша бақ сынайды.

Биыл алғаш рет қатысушылар «Сандық модельдеу», «Зоотехния», және «House-master» құзыреттер бойынша жарысады. «Ветеринария», «Зоотехния», «Құтқару жұмыстары» және «Хореография» құзыреттіліктері бойынша өңірлік чемпионатқа Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан  облыстарының қатысушылары шақырылып отыр.

WorldSkills конкурсының өңірлік кезеңінде әрбір құзыретілік бойынша бірінші орын алған жеңімпаздар «WorldSkills Kazakhstan – 2024» Ұлттық чемпионатына қатысады.

Пікірлер