Қазақстанда бір миллион адам жұмыссыз қалуы мүмкін

2518
Adyrna.kz Telegram

Шілдедегі карантин кесірінен бір миллион қазақстандық жұмыссыз қалады. Осындай көңіл көншітпес болжамды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінде мәлімдеді.  Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы «Еуразия»  бірінші арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

 Қазірдің өзінде ресми статистика бойынша, шектеулерге байланысты 700 мыңнан астам адам жұмыссыздар тізімінде есепте тұр.

18 – миллион халқы бар еліміз үшін бір миллион жұмыссыз деген бұл өте үлкен көрсеткіш.  Дей тұрғанмен, сәуір айында бұл  көрсеткіш  төрт есе көп болғанын естен шығармау керек.  Карантинді алып тастағаннан кейін жағдай тұрақтанды.  Сарапшылардың бағалауынша, қаталдығы жағынан алдыңғыдан біраз жұмсақтау болсада соңғы шектеулердің кесірінен,  кейбір компаниялардың  және тіпті тұтас бір салалардың  өз өздеріне келуіне көп уақыт қажет болады.

Банк мәселелері жөніндегі тәуелсіз сарапшы Нұржан Бияқаевтың пікірінше,  экономиканың ең көп зардап шеккен  секторының бірі  – ол, біріншіден туризим. Біздің елдің барлық шекаралары жабық болғандықтан, қазір Қазақстандықтар  үшін туристік сапарлардың өзектілігі  жоқ деуге болады. Ал зардап шеккен экономиканың екінші секторы, менің ойымша, бұл қызмет көрсету саласы. Бұл тұрмыстық қызмет көрсетумен айналысатын субъектілерге қатысты, деп атап өтті сарапшы.

Жеке меншік білім беру ұйымдары да шарасыз қалды деп кәсіпкерлер шағымданда. Олар Денсаулық сақтау және Білім министрліктерінен  жұмыс істеуге рұқсат беруді бір емес бірнеше рет сұраған. Топтарда балалар саны 5- 7 аспайды, қолғаптар, маскалар, антисептик құралдары – барлығы бар. Әзірге бұл өтініштері жауапсыз қалып отыр. Осы себепті олар өз мүдделерін қорғау мақсатында білім саласындағы кәсіпкерлердің Ассоциациясын құрмақ ниетте.

«Бізге – қоғамдық тамақтану, азық-түлік дүкендері, көлік – құралдары салаларындай  ары қарай жұмыс істеуге рұқсат  беруді өтінеміз. Себебі ересектерде, балаларда дамуға мұқтаж, қазіргі күні балалардың   интеллект саласында тиісті дамусыз қалып отырғандықтарынан көптеген мәселелер туындауда»,  - деп атап өтті білім беру орталығының директоры Мархаба Курманова.

Жиһазбен айналысатындар да карантиннің сынағын көтере алмай қалуы мүмкін.  Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары Қауымдастығының мәліметі бойынша, ірі қалаларда 30 мыңға жуық адам жұмыссыз қалған.  Пандемиядан басқа, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін жиһаз сатып алуға жарияланған үш жылдық мораторий да бұл салаға айтарлықтай әсер етті. Ірі ұйымдардан тапсырыстар түспейді. Жеке тапсырыс берушілер де азайды.  Кейбір компанияларда түсім 90 пайызға дейін  азайып кетті.

Елордадағы  жұмыспен қамту орталығы, адамдар жұмыссыз  қалмайды деп сабырға шақыруда.  5 700 бос орын бар, көпшілігі құрылыс,  сату, автомобиль жөндеу және білім салаларында. Карантин кезінде жұмысқа орналасу бойынша өтініштер саны  20 пайызға өсті. Сонымен бірге, тұрғындарға «Жұмыспен қамтудың жол картасы»  бойынша да жұмыс ұсынылады.

"Аталған бағдарлама бойынша 15 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр, қазір ол жерге адамдар жетіспей жатыр. Онда құрылыс, көгалдандыру және абаттандыру салаларымен  бірге басқа да  мамандықтар бойынша  жұмыстар  бар.  Ертең біз онлайн түрде  - «Бос орындар жәрмеңкесін» өткіземіз, оны айына екі рет өткізіп отырамыз. Онда әлеуетті құрылымдар саласында 500 бос жұмыс орны бар", - деп мәлімдеді халықты жұмыспен қамту орталығының баспасөз хатшысы Гүлмира Мұқсулова.

Жыл басынан бері бүкіл ел бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына 310 мың қазақстандық жүгінсе, оның   238 мыңы  жұмысқа орналасқан. Мамандардың айтуынша, адамдар өз бетінше жұмысқа орналасады немесе  жұмыссыз ретінде тіркеледі. Қазір олар  181 мың адам.

Айта кету керек,  6 500  қазақстандық тек маусым айында ғана жұмыссыздық бойынша жәрдемақы рәсімдеген көрінеді.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер