«7-20-25» – бұл Қазақстанның әрбір азаматына қолжетімді несие беру шартымен тұрғын үй алуға мүмкіндік беретін бағдарлама атауы. «Адырна» ұлттық порталы «7-20-25» бағдарламасына қалай қатысуға болатынын түсіндіреді.
Бағдарламаға кімдер қатыса алады?
-Қазақстан Республикасының азаматтары;
-ҚР аумағында жеке тұрғын үйі жоқ адамдар (меншік құқығындағы үйінің болмауы);
-Расталған еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірісі бар адамдар (тұрақты табысы бар);
-Ипотекалық кредиті жоқтар.
Сондай-ақ, жатақханада, ескі және апатты жағдайда тұратын азаматтар да қатыса алады.
Банктер қандай құжаттарды талап етеді?
1.Жұмыс орныңыздан соңғы алты айдағы кірісті немесе БЖЗҚ зейнетақы шотынан 6 айлық ақпарат. Бұған қоса табыс салығы бойынша салық декларацисын.
Ипотекалық үйді қалай алады?
Бірінші, қарыз алушы сатып алғысы келетін үйін таңдайды және тағайындайды. Шарттары құрылыс салушылармен нақтыланады. Қарыз алушы барлық қажетті құжаттарды банкке тапсырып, құрылыс салушыға тағайындауды ұзартуды хабарлайды.
Екінші, банк қарыз алушының барлық құжаттарын бағдарламаның шарттарына сәйкестігін қарайды. Қарыз алушы құрылыс салушыға кепілдеме хат ұсынады. Құрылыс салушы сатып алу-сату шартын жасайды.
Үшінші, сатып алу-сату шарты нотариуспен куәландырылады. Бастапқы жарна сатып алынатын тұрғын үй кепіл құнының 20 пайызына тең болу керек. Сол 20 пайызды қарыз алушыдан алып, өз еркімен құрылыс салушының шотына салу керек. Қарыз алушы ССШ-ты «сатып алу-сату шарты) EGOV.KZ-те тіркейді. Тіркелген сатып алу-сату шарты банкке беріледі.
Төртінші, банк пен қарыз алушы мына үш шартқа: «Қарыз шарты», «Төлемдер кестесі», «Сатып алынған тұрғын үйдің кепіл шарты» қол қояды. Сатып алынған тұрғын үйдің кепіл шарты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ХАҚ-ында немесе EGOV.KZ-те тіркеледі. Сатып алынған тұрғын үйдің кепіл шарты тіркелгеннен кейін банк қарыз сомасын құрылыс салушыға аударады.
Бесінші, құрылыс аяқталғанда қолыңызға үйдің кілті тапсырылады.
Бұл бағдарлама неге тиімді?
- Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтама.
- Отбасының мүшелеріне шаққанда 15 шаршы метрден аз пайдалы алаңы бар жатақханаларда, апаттық жағдайда тұрған үйлерден басқа ел аумағында тұрғын үйі жоқтығы туралы анықтама.
- «Сбербанк» АҚ
- «Халық банкі» АҚ
- «Еуразиялық банк» АҚ
- «АТФ банк» АҚ
- «Жусан банк» АҚ
- «Bank RBK» АҚ
- «Fortte Bank» АҚ
Тұрғын үй құны | Бастапқы жарна мөлшері | Ай сайынғы төлем мөлшері |
5 млн | 1 млн | 28 мың |
10 млн | 2 млн | 57 мың |
15 млн | 3 млн | 85 мың |
20 млн | 4 млн | 113 мың |
25 млн | 5 млн | 141 мың |
- Бағдарламаның операторы – Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ
- Бұл – Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған әлеуметтік бағдарлама. Әрбір қазақстанды қол жетімді несие беру шартымен тұрғын үйін жақсартуға мүмкіндік береді.
- Қарыз алушыдан қарызды беру және қызмет көрсету үшін комиссия алынбайды.
- Қажет болатын жағдайда банк кепіл мүлкін және қарыз алушының өмірін сақтандыруды өз есебінен жүзеге асырады.
- Қолданыстағы ипотекалық несие өнімдерінің бірде-бірі мұндай артықшылыққа ие болған емес.
Дайындаған: Жасұлан Наурызалиев,
«Адырна» ұлттық порталы