Қазірде елімізде шағын және орта бизнеске айрықша көңіл бөлінуде. Шағын несиелеудің көкжиегі кеңейді. «Бизнестің жол картасы – 2020», «Bastau Бизнес», Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы сияқты бағдарламалар баршылық. Бұлардан бөлек, кәсіпкерлікті үйренем деушілерді «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы 1-3 айлық курстарға оқытуда. Әсіресе, аз қамтылған, кәсіп бастағысы келетін көпбалалы аналарды мемлекет қаржылай қолдап жатыр. Ең бастысы, ниет болса болғаны. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан» 505 мың теңге грант беріледі. Былтыр Шымшаһар бойынша 4500 грант бөлінген болатын. Сол бір айлық оқу курсынан өтіп, 505 мың теңгелік грантты ұтып алғандардың бірі көпбалалы ана Айман Кулишова.

Қайтпас-1 шағынауданының тұрғыны үй жағдайында бөдене шаруашығымен айналысады. Айман Кулишованың бөдене құсын, оның жұмыртқасын кәсіп қылғанына он жылдан асыпты. Басында базардан сары ала жұмыртқасын көріп жәй қызығушылықпен бастаған. Федя деген орыс кісіден он шақты жұмыртқа әкеліп, бастырып шығарады. Ол тұқымдар майда боп шығады да, құсты да, жұмыртқасын да ірілендіру мақсатында Алматыдан іздестіреді. Әсілі, бөдененің пошымы – шап-шағын. Ақын Мұхтар Шахановтың «бөдене таланттар мен Қажымұқандар» дейтіні содан. Көлемі әр алуан болады. Ең аз салмағы 10 грамм болса, біреулері 15-20 грамға дейін барады.

«Алғашқы кезде біз шығарған құстың еркегінің тірі салмағының өзі көп болса 100 грамдай-ақ еді. Мекиені 80 грамм. Қазіргілерінің салмағы 200 грамның жобасында. Сорпалап ішуге болады», - деп Айман апай кәсіп бастаған алғашқы жылдарын еске алды.
Айман Сейілбекқызы алты баланы дүниеге әкелген көпбалалы ана. Сол бала-шағаның күтімі мен бабын жасай отырып, үйінің алдындағы сарайға тор, инкубатор сатып алып, қырғауыл тұқымдас шағын құсты өсіреді. Балалары қолғабыс етеді. Жолдасы Мұқан Нұрмаханов ақыл-кеңесін айтып, бағыт-бағдар беріп отырады.

Қазір А.Кулишованың үйінде 500-дей құс бар. Бірақ, бұл көрсеткіш қомақты табыс алып келеді деп айтуға ертелеу. Ол бизнесін қалай жылжытарын білмей жүргенде былтыр қыркүйек айында көк жәшіктегі жаңалықтан «Атамекен» кәсіпкерлер палатасындағы кәсіпкерлікке оқыту курсы жайлы хабарды құлағы шалады. Артынша құжат тапсырып, қабылданыпты.






- 25 күн оқып, сертификат алып, бөдене шаруашылығы туралы бизнес-
- Жұмыртқасы инкубаторда 16 күн тұрады. Адамдар «ойбай,
- Бір бөдененің бағасы 500-1000 теңгенің арасында. Екі айға дейінгі
Адамның жасы | Жұмыртқа саны |
1-ден – 3 жасқа дейін | 1-2 дана |
3-тен – 6 жасқа дейін | 2-3 дана |
8-ден – 12 жасқа дейін | 3-4 дана |
12-ден – 18 жасқа дейін | 4 дана |
18 бен 50 жас аралығы | 5-6 дана |
50-ден жоғары | 4-5 дана |
Мөлдір КЕНЖЕБАЙ,
"Адырна" ұлттық порталы