Журналист болғың келе ме?

3558
Adyrna.kz Telegram

Заманауи технологиямен ұлттық ой өрістің дамуы жолында жер бетіндегі барлық мәлімет көздерімен хабардан болып отыратын медиа саласының қоғам ішінде алар орны ерекше. Ақпарат айдынындағы ұшқыр ойлар мен креативті тұжырымдар көрермен қауымның мықты толғанысы мен таңданысын тудырары сөзсіз. Көгілдір экранның көпшіліктің көңілінен шығуы үшін көптеген табанды талпыныстар жасайтыны бізге мәлім. Бұл дегеніміз журналистиканың күллі ел алдында жоғары біліммен тәжірибені  талап ететінін аңғартады.

  • Камера алдында мүдірмей сөйлеу;
  • Оқиға орнынан тікелей репортаж жасау;
  • Айқын ақиқатты ашу;
  • Ұтқыр сұрақ қойып, тапқыр жауап алу;
  • Халықты наразы еткен мәселенің түйінін табу сынды сан сауалдың жауабын білу үшін жоғарғы оқу орындарындағы Журналистика факультетіне түсу қажет. Арманыңды асқан маман иесіне ұштастыра білу үшін- шынайылық, тапқырлық, рухани саналы,  байқампаздық, қайсарлық секілді қасиеттер болуы міндетті. Сапалы жұмыс нәтижесінде өз дүниетаным көкжиегіңді кеңейтумен  қоса жұртшылық санасына қажетті ақпаратты беруіңнің өзі жұмыстың оң ілгерілеуінің белгісі.

Микрафон тұтқасын қолға алып, камера алдында сөйлеу- тілші жұмысының негізгі бөлігі. Озық оймен ұтқыр ұмтылыс сенің үздіктердің үздігі болып шығуыңа жетелейді.

Қазақ журналистикасы қалай дамыды? Ең алғашқы журналисттер кімдер? Алғашқы телебағдарламалармен олардың жүргізушілері кімдер? Мен кімдерге ұқсағым келеді? Халыққа қажет пайдалы қандай телебағдарламалар бар? Бүгіннен бұрын өткенге көз жүгірте кетуді жөн санадым.

ХХ ғасырдың екінші жартысында ел мақтанышына айналған Сағат (Сағатхан) Әшімбаевтің баспа, радиохабар тарату, газет- журналдар және телебағдарламалар бойынша журналистикаға қосқан үлесі ұшан теңіз. Қарымды қаламгердің 10- ға жуық әдеби сынға қатысты еңбектері бар. Мақаланың майын ішкен Әшімбаев ұлттық үрдістің қайыспаз қазығын қағып, еңселі елдің пір тұтар тұлғасына айналды. Рухани мәдениеттің айнасы болған тұлғаның жүргізген бағдарламалары мен жазған мақалалары қоғам санасының өркендеуіне, ілгері басуына,  шынайы образдың қалыптасына өз септігін тигізе білді. Адамдардың адамгершіліктен  ада болмауы үшін қайсар қадамдарға барды. Мен үшін Әшімбаев-  шындық үшін шыр пыр болған шындықтың айнасы дер едім. Артында қалған шығармалары журналист болам деген қауымның мықты маман болып шығуына айрықша әсер етері сөзсіз.

Қазақ журналистикасының дамуына, ел санасының орнығуна, елдегі ахуалды халыққа хабардар етуге тек Сағат Әшімбаев емес, көптеген танымал тұлғалар атсалысты. Соның ішінде Шерхан Мұртазаның қосқан үлесін айтпай кетуге болмас. Шерағаң күллі ғұмырын қағазбен қаламға арнаған заңғар жан. Елдегі шындықты биліктегілерге бүкпесіз айта білген Шерханның Әдебиет және журналистика әлеміне қосқан еңбегі  айрықша асқақ. Оның өнегелі өмірі жас журналист үшін мол мұра, бітпес байлық. Әшімбаев – Шындықтың айнасы болса, Шерағаң – парағы бітпейтін адамгершіліктің құпиясы жазылған алып кітап дер ем.

Камал Смайылов. Камал тек журналистка жолында емес кино әлемінде де ойып тұрып орын ала білді. Қыз Жібек филімінің әлі күнге дейінгі алар бағасы жоғары болса Камалдың еңбегінің өнімді болғанын содан аңғарамыз. Смайылов Ұстаздық жолда да біраз еңбек етті. Шәкіртерге оң бағыт бере білген ұтаздың олардың арасында мерейі үстем еді. Камал  «Мен ешқашан адам баласына жамандық жасаған емеспін, егер ол жаман адам болса оған жамандық жасау керек шығар, бірақ мен өйте алмадым» деген еді берген бір сұқбатында. Камалдың елге жасаған ерен еңбегін байқай келе расында ол салып кеткен журналистиканың,ол салып кеткен кино ғұмырының өлмейтініне көзім жетті. Камалдың болашаққа жасаған саяхаты менің қиялымды ұштады, арманыма деген мақсатымды мықтап берді. Болашақта мен де Камал секілді болашаққа саяхат жасағым келеді. Әшімбаев- шындықтың айнасы, Мұртаза – кітап, ал Смайыловты – ешқашан өлмейтін заман адамы дер едім.

Жоғарыда айтылған тұлғалардың салып кеткен сара жолы, бастаған бастамалары бүгінгі журналистика әлемінің алғашқы баспалдақтары еді. Қазақ телевизиясында ең алғашқы бағдарламалар легінде Сағат Әшімбаев жүргізген «Жүректен қозғайық», оның өзектес жалғасы «Парыз бен қарыз», «Таңшолпан» және жаңалық түріндегі бағдарламалар болатын, оның кейбірі әлі күнге дейін өз ғұмырын сүріп келеді. Менің ойымша ең алғашқы бағдарламалардың қазіргі бағдарламалардан ерекшелігі олар шынайы әрі ұлт мүддесі үшін жұмыс жасайтын. Ал қазіргі кейбір бағдарламалар елге пайдасыз екені мәлім.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «ХХІ ғасыр- ақпарат ғасыры» дегендей жыл үстіне жыл қосып ақпараттың даму қарқыны үдей түсуде. Жаңа технологиялар, жаңа бастамалар, жаңа идеялар ақпарат ұшқырлығының негізгі бөлігі. Бұл жолда тележурналистика саласы да біраз жетістікке жетіп, жоғары бастамаларда бой көрсетіп келеді. Менің ойымша мағыналы да мәнде бағдарламалар легінде «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында «Таңшолпан» таңғы ойын- сауықтық бағдарламасы, сенбі күндері Дана Нұржігіттің «Дара жол» бағдарламасы,  Нартай Аралбайұлының «Мәселе»  бағдарламасы, Мақсат Толықбайдың «Ашық алаң» бағдарламасы, Айгерім Сейфолланың «НИЕТ» бағдарламасы және Нұртілеу Иманғалиұлының  «Нұр Тілеу» бағдарламасы Журналист – аналитиктердің «Журналисттік зерттеулері» әрине қоғам құлағының құрышын қандырып, тың ақпараттарды беруде, бұл бағдарламалар ішінде  мезгіл сайын тікелей эфирге шығатын «Жаңалықтар» қызметі, апта соңында «АПТА» бағдарламасы  ең өзектісі деуге болады. Аудторияға келген мол ақпарат көздерін өңдеп, дыбыстап, халыққа ұсынғанша мол ізденістен өтетін журналисттер өз мамандығына мейлінше берілген, ұтқыр ұмтылған мамандар дер едім.  Сонымен қатар «31 арна», «Хабар» телеарнасы, «Евразия 1» арнасы сынды арналардың білікті мамандарының қатарында Нұрбек Бекбау, Ерқанат Көпжасар, Абай Түзелбай, Гүлнәзия Жалғасқызы, тележүргізушілерден Асаубек Айымбет, Әсел Арыстанбек, Сағыныш Әбікей сынды жүргізушілердің  есімі есімізге ерте келері анық.

Бүгінгінің батырларын журналисттер десек артық айтқанымыз емес. Қақаған боран мен, нөсер жауындада, ұйытқыған дауылдада қолдарына микрафон тұтқасын ұстап, елге жаңа ақпаратты таратып, өзге үшін өмірін қиюға даяр тұрған журналсттерге басымызды иеміз.

Өмірін халыққа қызмет етуге арнағаны үшін бе білмеймін, журналистика десе жан тәніммен қызығамын. Бала арманымның өсе келе мақсатыма айналды. Арманым- Журналист болу!

Осы арман жолында алғашқы баспалдалдағымды «Журналист» БАҚ мамандарын сертификаттау ғылыми білім беру орталығы бастап берді.

Инстаграм желісінен кездейсоқ «armanmedia.kz» парақшасынан жас журналисттерге арналған жарнамасы мен «Армандарды жүзеге асырамыз!» деген ұранына көзім түсті. Байқап қарасам өзім таңдаған мамандыққа арналған курс екен. Арманымның орындаларына дәл осы кезден бастап сене бастадым. Төменде тұрған телефон номеріне хабарластым. Телефон тұтқасын Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистка факультетінің дәріскері Жидегүл Әбдіжәділқызы көтерді. Курсқа баратыным туралы өтініш білдірдім, және бірден қабылдандым. Сол күннен бастап курс басталар күнді асыға күттім. Міне, біз үшін жаңа ақпараттар мен тың идеяларға жол ашылған сәтте келіп жетті. Жоғарыда айтып кеткендей Әл Фараби атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕ бардым. Жидегүл Әбдіжәділқызы апай күтіп алды. Сол күннен бастап менің журналистикаға деген құлшынысым күннен -күнге ұштала түсті. Біз барған күннен бастап- ақ Университет қалашығына саяхат жасадық. Журналистика факультетінің бірінші курс студенттері бізді университет жанындағы барша ғимаратқа экскурсия жасатты. Әуелі баспаға бардық. Ұзыл залда орналасқан сөрелер құдды бір жаңа әлемге енгендей әсер қалдырды. Бара – бара өз әлеміне шақырып жатқандай. Сондай- ақ «Әл- Фараби кітапханасын»  көрдік. Ондағы сезім мүлде басқа, әрбір қабаты тарихтан сыр шертіп тұрған спетті, ерекше әсер, позитивпен жаңа идеологияға негізделгендей. Соңғы қабатында орналасқан Университеттың әзірленген болашақ көрінісіне таң қалдым. Оған дейінгі бөліктерінде көк бөрімен тұлпар, өзінің ежелгі жәдігер екенін ескертіп тұрған ескерткішті көрдік, қасына барып, суретке түсе кеттік. Айтпағым бұл кітапханадағы кітап қоры қаншалықты бай болса, баспадағы кітап қоры бір бірінде ешбір қайталанбайды, тура бір өздерін жалған тұрған секілді көрінді.

Танымал тележурналисттерден сабақ алып, білім көкжиегімізді кеңейтумен қоса өз дүниетанымымызды қалыптастырып үлгердік. Олардан дәріс алып қана шектелмей, сұқбат алуға өтініш білдірдік, солай жас талапкердің көкйінде жүрген сауалдарына дәйекті жауап ала білдік. Алғашқы күннен алған әсері бойыма симай келесі күнді асыға күтіп, үйіме қайттым. Туыстарымен қуанышыммды бөлісе бергенімде телеыон тұтқасына біреу қоңырау шалды, бірден алдым.

  • «Сәлем, Ердәулет! Мен, ҚазҰУ- дың журналистика факультетінің 3-ші курс студенті Динара Орынбекқызы боламын.»
  • «Аха, Сәлеметсізбе?»
  • «Ертең сенен сұқбат алатын боламын, өзің туралы аздаған мәлемет айтып бересіңбе?...» дегеннен бастап өзі туралы барлығын айта түстім.

Сұқбат деген сөз тағы да қуанышпен шаттыққа бөлетті. Арманына асыққан талапкер қандай мәселе болсын жеңуге даяр еді, өйткені оның бойында журналистикаға деген махаббаты қатты еді. Әдеттегідей кеш шыға корпустан шыға салысымен кітапхана жанындағы бір топ шаңда құйғыта шапқан тұлпарлардың мүсінінің жанына келіп, біраз таңырқап, біршама рухтанып алатынмын. Мұның мағынасы ҚазҰУ- дың шәкірттері «Жүзден- жүйрік, мыңнан тұлпар!» дегендей етіп жасалған болса керек деп ойлайсың. Рас, апта соңына таяғанда ұстаздармен студенттерді, әсіресе университетті қимай қалдым, тура бір өз туыстарым секілді.

Білім алу барысында «Telezherthana.kz» YOU TUBE арнасында «Талапкер күнделігі» атты өз замандастарыммен жас талапкерлерге арналған ақпараттық – танымдық бағдарламаны ашып үлгердім. Сол арқылы өздеріңе пайдалы ақпараттарды ұсынып отыратын боламын.

Өзімді нағыз журналист ретінде сезініп көрдімбе, әлде арманыма қатты асықтымба екен, білмеймін, әйтеуір соңғы күні шағын микрофон(петличка) сатып алдым.  Журналистиканың қайсы бір маман болмасын, әрбірі үшін қымбат әрі құнды екенін ұқтым. Бұл сала жай мамандық емес, үлкен жауапкершілік, бұқараға ақпарат таратудың айқын бөлігі екенін тереңінен түсіндім. Тіпті кейбір мәселенің шешімі журналисттердің қолында болатынын білдім, асқан адамгершілікпен , таптырмас талап керек екенін сезіндім.

Биыл ғана мектеп табалдырығынан жаңа өмірге аяқ басқалы отырмын , болашағымды ақпарат саласында, яғни журналистикамен егіздей етіп көремін. Болашақта елге пайдалы ақпаратпен танымды деректері ұсынуды мақсат еттім. Өз саласының үздік білгірі болып, еліммен отаныма шексіз қызмет еткім келеді. Бұрынғы буынның басқан ізімен алға өрлеген  аға әпкелеріміздің өкшесін басып, болашаққа аянбай қызмет кеткім келеді. Өйткені бүгінгілер бұрынғының алтын жалғасы. Бұл саладан бөлек көптеген мамандықты алып қарасаңыз мықты мамандар некен- саяқ. Сол үшін алдымен білімнен бұрын дұрыс тәрбие берілуі тиіс. Ұлы пәлсапашы әл-Фарабидің теңіздей терең мағыналы мына сөзін әрбір ұрпақ өмірлік қағидаға айналдыру керек- «Тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы» демекші біліммен қатар сапалы тәрбиені қатар алып жүрген жөн. Қоғам ілгері басуы үшін, оған шын жанашыр тұлға болуы керек, сол тұлғаны журналист болу арқылы қалыптастырмақшымын. Бұл қатарға сенде қосыл жас дос!

Ердәулет Қалиев,

Қызылорда облысы,

Шиелі ауданы, Ортақшыл ауылы,

Ғылыми- шығармашылық жетекшісі: Жидегүл Әбдіжәділқызы

Пікірлер