Береке Дүйсебеков: «Кәсіпкерлер тексеруден босатылды»

3239
Adyrna.kz Telegram

Еліміздегі пандемиялық жағдайға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкіметте экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөнінде кешенді жоспар әзірленді. Осы жоспарға сәйкес, Шымкент қаласында дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары бекітілді. Шымшаһарда шағын шағын және орта бизнестің жекелеген санаттары үшін салықтық жеңілдіктер берілді және 3 жылға тексеруден босатылды. Бұдан бөлек, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустиралды-инновациялық даму басқармасында жаңалық жетерлік. Соның бәрін білу үшін басқарма басшысы Береке Дүйсебековпен сұхбаттасқан едік.

-Береке Талғатұлы, өзіңіз басқарып отырған басқарма қаламыз мегаполис статусын алғаннан кейін, яғни, 2018 жылдың 11 шілдесінде құрылған еді. Содан бері өнеркәсіпті дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестициялар тарту, бизнесті мемлекеттік қолдау, сауда және шағын, орта бизнесті дамыту бағыттарында жұмыс жасап келесіздер. Қазірде қаламызда басқармаға аймақ қарайды?

-Иә, басқарманың құрылғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Дегемен, уақыттың ағымымен көштен қалмауға тырысып жұмыс істеп келеміз. Бүгінгі таңда «Шымкент ӘКК» АҚ, оның ішінде  «Оңтүстік» және «Тассай» индустриалды аймақтары, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы, көлік-логистикалық аймағы құрылған.

- Өнеркәсіп бойынша өсімге тоқталсаңыз...

-Ішкі өнімнің көлемі 2020 жылдың 4 айында 196,0 млрд. теңгені құрап, алдыңғы жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 2 пайызға артқан (2019 ж. 4 айы – 159,9 млрд. тг.). 2020 жылдың соңына дейін 598 млрд. теңгеге жету күтілуде.

Өнеркәсіп саласында үлесі 81,8 пайызды құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 160,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім – 1,5 пайызды құрап отыр (2019ж. 4 ай – 129,5 млрд. тг.).

-Кәсіпкерлікті қолдау картасы қалай жүзеге асырылуда?

-Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың                  мемлекеттiк бағдарламасы шеңберінде өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына 398,6 млрд. теңгені құрайтын 6,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарымен 61 жоба енгізілген. Екінші бесжылдықта жалпы құны 98,2 млрд. теңгеге 2,5 мыңнан аса жаңа жұмыс орындарымен 42 жоба іске қосылды.

2020 жылы жалпы құны 23,9 млрд. теңгеге 454 жаңа жұмыс орындарымен                     6 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Олар:

1.««Амир-А» ЖШС – Металлургиялық зауыттың құрылысы;

2.«Рахат-Шымкент» ЖШС – Қант қосылған және кескіш печеньесін өндіру желісі;

  1. «B.A.E.R.» ЖШС – Медициналық дәке және таңу материалдарын өндіру кешенінің құрылысы;
  2. «New technology Ltd» ЖШС – Дизельді-генераторлы зауыт құрылысы;
  3. «Нұр-kz» ЖШС – Түсті металл бұйымдарын құю кіші зауытының құрылысы;
  4. «Корпорация «Аманта» ЖШС – Газоблок шығаратын зауыт құрылысы.

-Қала аумағындағы Индустриалды аймақ пен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында іске асып немесе жоспарда бар жобаларды айтып беріңізші.

 

-«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы 200 га. Аймақта құны 29,9 млрд. теңгені құрайтын, 1 630 жұмыс орындарымен                  16 жоба жүзеге асырылған. Оның ішінде 2020 жылдың ақпан айында «СП «Lux Shoes» ЖШС-ның аяқ киім табандарын шығару жобасы іске қосылып, онда             20 жаңа жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін «B.A.E.R.» ЖШС – Дәкеден таңу материалдар өндірісі жобаның жүзеге асырылуы жоспарлануда. Қазіргі таңда қала әкімдігі тарапынан аймақтың аумағын 500 га дейін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Шымкент қаласында 2 индустриалды аймақ: «Оңтүстік» – 337 га және «Тассай» - 89 га жұмыс жасайды. Аталған индустриалды аймақтарда (2010-2021 жылдар аралығы) 110,8 млрд. теңгеге 121 жобаны жүзеге асырып, 6,5 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарланған («Оңтүстік» ИА – 91 жоба, 71,8 млрд. теңге,                5167 ж.о., «Тассай» ИА – 30 жоба, 39,1 млрд. теңге, 1333 ж.о.).

2010-2019 жылдары аймақтарда 72 жоба іске асырылып, 63,8 млрд. теңге инвестиция тартылған және 4,0 мыңға жуық жұмыс орны ашылды («Оңтүстік» ИА – 58 жоба, 37,4 млрд.теңге, 3923 ж.о., «Тассай» ИА – 14 жоба, 28,4 млрд. теңге, 631 ж.о.). Аталған индустриалды аймақтарда 2020 жылы 20,0 млрд. теңгеге 9 жобаны жүзеге асырып, 564 жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Сонымен қатар, индустриалды аймақтардың жер учаскелері 100% жобаларға толып, әрі қарай дамыту мақсатында 306 гектар жерге жаңа «Жұлдыз» индустриалды аймағын құру жұмыстары басталды. Аталған индустриалды аймақта негізінен құрылыс, металлургия және жиһаз өнеркәсібін дамыту көзделген.

Бұлардан бөлек, Шымкент қаласының Қазақстанның Еуразия аумағында көліктік-логистикалық хабы ретінде қалыптасуы мақсатында арнайы логистика аймағы жобасы жүзеге асырылуда. Аймаққа мына компаниялар енетін болады:

-«Kazakhstan Logistic group» ЖШС;

-«Continental Logistics Shymkent» ЖШС;

-«НПО «Зерде» ЖШС;

-«Euro Transit service Managerment» ЖШС;

-«Арман Юг Групп» ЖШС.

-Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасының енгізілгеніне де біршама уақыт өтті. Бұл бағытта нендей жұмыстар істелініп жатыр?

-Қалада «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 79,5 млрд. теңгеге 96 кәсіпорын жобасымен өтініш беріліп, бүгінгі таңда 10,6 млрд.теңгеге    52 жоба екінші деңгейлі банктен несие алуға мақұлданса, 21 жоба екінші деңгейлі банктердің қарауында, ал 8 жоба банктердің қарауына құжаттар жинау,                   15 кәсіпорын бизнес-жоспар дайындау, жаңа технологиялар мен тың идеялар іздеу сатысында.

-Жыл басынан бері мегаполиске қанша инвестиция тартылды?

-Жыл басынан бері қалаға 47,2 млрд. теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде тікелей шетелдік инвестиция көлемі – 3,1 млрд. теңгені құрайды.

-Шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асырылып жатқан жобалар туралы айтсаңыз...

-Қала аумағында шетелдік инвесторлардың қатысуымен 2,0 млрд. АҚШ долларын құрайтын 12 инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, 2020 жылы іске асырылатын жобалар:

  1. «Амир-А» ЖШС – металлургия зауытының құрылысы -
    50,0 млн.$;
  2. «Қытай-Қазақстан марганец индустриялық тобы» ЖШС – Мн С17 маркалы ферросиликомарганец өндірісін ұйымдастыру - 7,8 млн.$);
  3. «Авелар солар технолоджи» ЖШҚ – қуаты 50МВт КЭС құрылысы - 20,0 млн.$;
  4. «Рахат Шымкент» ЖШС – Қант печеньесінің өндірісі – 8,2 млн.$.

-Іске асырылып жатқан жобалар ше?

- 1. «Highvill Kazakhstan» – Замануи көпқабатты үйлердің құрылысы –                                  900 млн.$;

  1. «Kinder World International» - білім беру кластерін салу құрылысы: балабақша, мектеп, колледж, университет - 20,0 млн.$;
  2. «Dentafill Kazakhstan» ЖШС – дәрілік және гигиеналық құралдар шығаратын зауыт салу - 2,6 млн.$;
  3. «Polpharma» – Фармацевтикалық препараттар өндірісін жаңғырту – 36,2 млн. $

Қала аумағындағы перспективалық жобалар:

  1. «Hill Resources» – Базалық майлар өндірісі -
    600 млн. $;
  2. «Hyosung corpotation» – ажыратқыштар мен айырғыштарды құрыстыру өндірісі – 14,6 млн. $;
  3. «Lianfu Group» – Энергия үнемдейтін автобустар шығаратын зауыт салу - 340 млн. $.;
  4. «Servier» – Дәрілік препараттарды өндіру - 29,2 млн. $.

-«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қанша қаржы игерілді?

-2020 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 6 164,0 млн. теңге қарастырылып, бүгінгі таңда 156 жоба бойынша 414,7 млн.теңге игерілген. Ал, мемлекеттік гранттар беру бағытына 205,0 млн. теңге қарастырылған.

Ал «Еңбек»  нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде  2020 жылы 816,1 млн. теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда 110,0 млн. теңгеге 6 жобаға шағын несиелер берілген.

-Жастар мен әйелдер кәсіпкерлігіне де әжептәуір қолдау көрсетіліп жатқанын білеміз...

-Жастар мен әйелдер кәсіпкерлігіне қолдау көрсету бағыты бойынша

жергілікті бюджеттен 200,0 млн. теңге және өз кезегінде «Даму» Қоры тарапынан қосымша 200,0 млн. теңге бөлініп, жалпы несие қоржыны 400,0 млн. теңгені құрап отыр. Бүгінгі таңда 7 жоба бойынша 69,8 млн. теңгеге қолдау көрсетілген.

-Сауда, шағын және орта бизнестің жағдайы не болып жатыр?

-Жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің ішінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 87,2% пайызды құрап, жұмыскерлердің саны 159,4 мың адамды құрайды.

-Қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасы өсті ме, төмендеді ме?

-Жыл басынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 105,4 пайызды құрады.  Сондай-ақ 9 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға өсімі бар.

1) пияз – 21% (114 тг. – 138 тг.)

2) І сұрыпты ұн –8,8% (147 тг. – 160 тг.)

3) картоп – 20,7% (111 тг. – 134 тг.)

4) жұмыртқа – 6,5% (276 тг. – 294 тг.)

5) қарақұмық – 6,3% (299 тг. – 318 тг.)

6) тауық еті – 3,3% (808 тг. – 835 тг.)

7) сәбіз –  9,2% (120 тг. – 131 тг.)

8) қант – 0,5% (194 тг. – 195 тг.)

9) сары май – 3,2% (2173 тг. – 2242 тг.)

 

9 тауар бағасы төмен:

1) сүзбе – 39,4% (1868 тг. – 1132 тг.)

2) рожки – 23,9% (272 тг. – 207 тг.)

3) қырыққабат – 38,3% (107 тг. – 66 тг.)

4) күріш  – 24,9% (361 тг. – 271 тг.)

5) сүт – 11,5% (235 тг. – 208 тг.)

6) айран – 8,3% (252 тг. – 231 тг.)

7) өсімдік майы – 3,3% (427 тг. – 413тг.)

8) сиыр еті – 2,9% (1948 тг. – 1890 тг.)

9) нан – 0,7% (145 тг. – 144 тг.)

 

1 тауарда баға ауытқуы жоқ (тұз –50 тг.)

-Қала базарларының біразында құрылыс жұмыстары жүргізілді.  Сол бойынша мәлімет бере кетсеңіз.

-Мегаполисте «Акбар», «Бекжан», «Шымкент Тұлпар», «Исатай» (Алатау) және «Күлтай ана» базарларында қайта құрылымдау жұмыстары аяқталған.

Жалпы, қала аумағында жұмыс істеп тұрған сауда базарларының саны – 38 (2017 жылы «Күлтай ана» базарының нысаналы мақсаты өзгертіліп, «Север» сауда орталығы болып қайта құрылды), оның ішінде 25-і әмбебап, 13-і мамандандырылған.

Орта есеппен қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Қазыбек» базары 1,2 млрд. тг. ал, қайта құрылымдау жұмыстары «Орталық қырғы базар» және «Айна» сауда нысандарында орта есеппен жекелеген түрде 4,0 млрд. тг. құрап отыр.

Бүгінде «Авто Нұр», «Айна», «Дархан», «Қапланбек», «Көмеш бұлақ», «Көктем» және «Орталық қырғы» базарларда қайта құрылымдау жұмыстары басталған.

Сонымен қатар, Мал базары және Қазыбек базарларын қала сыртына көшіру жоспарланып отыр.

- Кәсіпкерлерге қандай жеңілдіктер берілді?

- Шымкентте экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөнінде Президенттің тапсырмасына орай дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары бекітіліп, шағын шағын және орта бизнестің жекелеген санаттары үшін салықтық жеңілдіктер берілді және 3 жылға тексеруден босатылды. Атап айтқанда:

- ірі сауда нысандары, кинотеатрлар, театрлар мен спорт нысандары бір жылға заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мүлік салығынан босатылды;

- жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер табыс салығынан босатылды;

- ағымдағы жылдың 15 наурызынан 15-маусымына дейін өсімпұлдарды есептеу тоқтатылды;

- салық есептілігінің мерзімі 3 тоқсанға ауыстырылды;

- Тамақ өнімдерін өндіру көлемі бойынша шикізат базасын өсіру және оның сапасын арттыру мақсатында жоғары сапалы биологиялық өнім импортына қосымша құн салығынан босатылды;

- 2020 жылдың соңына дейін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салық төлеуден босатылды.

-Дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарында қандай мәселелер қаралған?

- Жобада дағдарыс нәтижесінде неғұрлым зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілерін анықтап, аталған кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қалпына келтіру және жаңа кәсіпорындар құру үшін мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жеңілдетілген несиелер беру. Кәсіпкерлердің қолданыстағы несиелерін қайта қаржыландыру. Отандық тауар өндірушілерді ынталандыру. Жұмыс орындарын сақтау және құру, кадрларды даярлау және қайта даярлау. Микроқаржы ұйымы мен «Бизнес үшін үкімет» орталығын құру және кәсіпкерлік субъектілерін сервистік қолдау. Дағдарыстан өту жөніндегі мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық қамту сынды қолдау шаралары қарастырылған.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов те Шымкент қаласында заңға сәйкес Әкімдік пен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлескен Микроқаржы ұйымы құрылып, оның жарғылық капиталын қалыптастыруға тиісті қаражат бөлінуі керектігін ескертті. Сонымен бірге жергілікті кәсіпкерлерді өңірлік бағдарлама аясында пайыздық мөлшерлемесі төмен несиемен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 1,0 млрд. теңге бөлу қарастырылу қажет. Сондай-ақ, дағдарысқа ұшыраған кәсіпорындарды және жаңа кәсіпорындарды ашуға бағытталған жобаларды 4% пайыздан аспайтын несиемен қаржылай қолдау көрсетілмек.

Кәсіпкерлікті қолдау шаралары шеңберінде 725 жобаға жеңілдетілген несиелер ұсыну арқылы 3760 жұмыс орын сақталып, 940 жаңа жұмыс орындары құрылатын болады. Ал жұмыспен қамту бағдарламарын жүзеге асыру нәтижесінде 15 233 адам жұмыспен қамтылып, кәсіпкерлік сауаттылықты арттыру бойынша 3176 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылатын болады.

Сұхбаттасқан Мөлдір Кенжебай,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер