Шымкентте эпидемиологиялық жағдайды қалыпқа келтіру жұмыстары қарқынды жүруде

2602
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласы еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды қалыпқа келтіру барысындағы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмаларын дер кезінде орындауда.

Мәселен, Шымкент қаласында республика бойынша алғаш рет 51 күндізгі стационар ашылды. Нәтижесінде, қалада инфекциялық дертке шалдыққан науқастарға медициналық көмек көрсету екі есеге күшейді. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмалары  мүлтіксіз орындалып, қаладағы эпидемиологиялық жағдай ретке келтірілуде.

Маусым айының соңында Шымкент қаласында жұқпалы аурумен ауырған науқастар саны күрт өсті. Пневмониямен ауырғандар 5,8 есеге, ал ЖРВИ-мен ауырған науқастар саны 2 есеге артты. Осы жағдайға байланысты жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалатын тұрғындар саны 5 есеге көбейді.

Орта есеппен бір күнде 2100-ден аса шақырту түсе бастады. Бұл шақыртуларға дәл уақытында қызмет көрсету үшін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының тапсырмасымен жедел түрде провизорлы орындар ашылды.

Бүгінде қалада барлық медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған 2870 төсек-орын бар. Оның 650-і жұқпалы ауруханаларға, 2220-сы провизорлы орынға арналған. Яғни, инфекциялық ауруға шалдыққан науқастар үшін орын жеткілікті.

Дегенмен жағдай қалыпқа келсе де, резервтік провизорлы орындар дайындалуда. Кеше жеңіл атлетикалық спорт кешенінен 150 орын дайындалды. Осындай орындарды  1 шілде күні 450-ге жеткізу  көзделіп отыр.

Айта кетейік, Шымкент қаласында халықтың денсаулығын нығайту мақсатында күндізгі стационар қызметкерлері демалыссыз қызмет көрсетуде. Ал барлық ауруханалар мен емханаларға дәрі-дәрмек үзіліссіз жеткізілуде.

Шымкент 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер