Абай Құнанбайұлы мен Әбу Насыр әл-Фарабидің мерейтойларына арналған іс-шаралар кешені ұйымдастырылмақ

3309
Adyrna.kz Telegram

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры «Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының» тапсырысымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған іс-шаралар кешенін ұйымдастырмақ.

Жобалардың жүзеге асырылуы барысында ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтың және философ, математик, Шығыс ғалымы Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірін, шығармашылығын халық арасында ұлықтау, насихаттау, рухани және мәдени құндылықтарымызды дәріптеу жұмысы кеңінен қолға алынбақ.

Аталған шара аясында  «Ғылым таппай мақтанба» атты облыстық  дельфийлік ойындары байқауын, жас ғалымдар мен мамандардың, студенттер мен оқушылардың қатысуымен ғылым және технологиялар көрмесін, «Әл-Фараби философиясы әлемдік өркениеттің негізі» тақырыбында әл-Фарабитанушылармен, ғылыми интеллигенция өкілдерімен, болашақ ғалымдармен (магистранттар, докторанттар)  семинар-тренинг, «Қазақ ғылымының өркендеу жолындағы әл-Фарабидің тарихи орны» тақырыбында пікірсайыс, Абайдың 175 жылдығы және Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған журналисттер мен шығармашылық адамдардың жазу қабілетін шыңдайтын (эссе жазу) интернет-байқаулары өткізілетін болады.

 

 

«Адырна» ұлттық порталы

 

 

Пікірлер