Ғылымның шамшырағы

4929
Adyrna.kz Telegram

 

Ұлы батыс ойшылдарының еңбегіне алғаш рет өз көзқарасын білдіріп, түсіндірме еңбектер жазып,   ғылым көзін Түркі әлеміне әкелген бірден бір ірі тұлға Әбу Насыр әл-Фараби еді. Бізге жеткен қырық шақты еңбегін оқи отырып «екінші ұстаздың» тек қана философ болып қана қоймай, филолог, тарихшы, саясаткер, географ, музыкант болғанын да көре аламыз. Әлі де құнын жоймаған бұл еңбектер зерттелу барысында жаңа қырына танылып, жан-жақты қарастырылып жүр.  Осы орайда  мақаланың мақсаты – ұлы ойшылдың еңбектерінің қүндылығы мен тіл білімі, оның ішінде грамматикаға қосқан үлесін атап көрсету. Міндет – ғалымнан қалған зерттеу жұмыстарына шолу жасап, қазіргі тіл білімі үшін маңыздыларын анықтау, саралу.

Әл-Фараби жастайынан түрлі ғылымды оқып үйренді.Араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгерді. Бағдад қаласында білімін жетілдірген. Сол замандағы ғылымының ордасы болған бұл қала көптеген ойшылдардың ортасы, кітап қорына бай қала еді.Батыс ғалымдарының логика туралы еңбегімен танысады. Ғалым жаратылыстану, философия, астрономия, математика, медицина, логика, этика, метафизика, жағрафия, әдебиеттану, тіл білімі, музыка сияқты ғылым салаларынан 164 трактат жазған. Келтірілген еңбектер санының өзі Фарабиден бізге көп мұра қалғанын байқатады.

Қорытынлай келе айтарымыз, «екінші ұстаз», ғылымның шамшырағы болған Әбу Насыр әл-Фараби көптеген ғылымды дамыта отырып, өз тарапынан маңызды ғылыми еңбектер жазды. Әл-Фараби философия ғылымын жаңа қырынан танытып, Батыс мәдениетінен алынатын мәліметтерді сұрыптап, саралаған. Ғұламаның метафизика, лингвистика, логика, психология, география, этика, музыка, т.б. ғылымдар жайлы жазған еңбектері баршылық.X ғасырда жазылған ғұламаның еңбектері ХХІ ғасыр ғалымдарының зерттеу объектісіне айналып отыр. Ойшылдың  Кеңес үкіметі кезеңінде бұрмаланып жектен еңбектерін түзетіп, қайта  қарастырып кейінгі жас буынға маңызын таныту –біздің басты міндетіміз.

 

Ақнұр СӘЛІМ,

8 (747) 264-02-26

Пікірлер