Үздік гуманист: Абай Құнанбайұлы 46-қара сөз

9613
Adyrna.kz Telegram

 

(45-қара сөздің жалғасы ретінде топшаланып жазылған қара сөз)

 

Ойланып қарасам «адамшылдықты1» да Құдай табарака уатағала жаратқан. Алайда бұл қасиетке ие, лайықты пенде жоқтың қасы. Бұл тар заманда осы қасиеттің мәнін ұғыну да өз алдына бір кішігірім ғылым. Адамшылдық қасиетті үйренбек, білмек ар мен ұяттың ісі. Билік пен малға құныққан надан байлар, билік пен байды андыған қара халық, пайданы көздеп бала оқытқан  надан молдалар, осындай қараңғылыққа ботадай көздері қаныққан жас балаларда бұл «адамшылдықтың» титтей де үлгісін көре алмай өтетін болды-ау. 2Осынау күңіренген заманда бар жан-тәнімен халықты қолдаған жандарды байқасақта,ағы бар дүниенің қарасына да көзіміз куә. Бірі малын жақсы шашпаққа ұмтылса, бірі сол халықтың қайғы мен мұң зарынан дүние таппаққа ұмтылды. Эх, қайран дүние...

Мейлі, бізді қойшы, дәм-тұзымыз таусылып кетерміз... Біз ұғына алмаған адамшылдықты із жалғастырар ұрпағымыз қалай ұғынбақ? Оларға ұғындырар кісі табылар ма екен? Біздің басымыздан өткен осы қараңғылық, олардың заманында ауыр қасірет, айырылмас дерт, тән мен жанның көр-соқырлығы болып келіп, ұлттық рухының жаңғыруын сөндіретін қара қасірет болады ма деп алаңдаймын...

Осы күнге дейін ақ қағаз бен қара сияны ермек қылып, халқыма бірталай керекті сөз жазыппын. Ал енді сиямның да таусылар шағы таяған сияқты... Осы сөздерімді өзі оқып, ұғынып, кісіге ұғындырар бір пенде табылса екен деймін.

 

Алима ҚАЛИСАЕВА,

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер