Шығыста Қимақ қағанатының орны табылды

3818
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Қаратал ауылына қарасты Жіңішкесу елді мекенінен 9-11 ғасырларға жататын Қимақ қағанатының қалашықтарының орны табылды. Елімізге белгілі ғалым, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылынан Қазақстандағы үшінші "Алтын адамды" тапқан археолог Әбдеш Төлеубай осы Қимақ қағанатының қаласын анықтап тапты деуге толық негіз бар. Жіңішкесу елді мекенінде жазықтағы үлкенді-кішілі төмпешіктер қалалардың орыны деп болжалуда. Қазіргі кезде осы мекенде Қимақ қағанатына тиесілі қыш ыдыстардың сынықшалары көптеп табылуда. Құрылысқа пайдаланған шақпақ тастар, мыс ыдыстардың сынықшалары, мыс пышақ, мыс ыдыстардың сынықшаларыда, тастан ойылып шебер жасалған әшекей бұйымның қалдықтарыда табылып жатыр. Бұның барлығы құм үстінде, төмпешіктер маңынан табылып отыр. Тағы бір айта кететіні,бұл 9-11 ғасырлар аралығындағы Қимақ қағанаты қалашығының аумағы өте үлкен. Осы маңда Қимақ қағанатының тұсында тұтынған қыш ыдыстарды жасайтын балшықтар әлі бар. Апта басында келіп кеткен Археолог Ә.Төлеубай мемлекеттік тараптан қаржылай қолдау тауып, алдағы уақытта тарихи сенсация туғызатын Қимақ қағанатының қалашығын зерттеп, қазба жұмысын жүргізуге рұқсат алып, қолдау таппақ. Киелі Шығыстың "Алтын қақпасы– Зайсан" деп аталуыда бекер емес. Күні бүгін осы бір тарихи жаңалықтың бастауы болар Зайсан ауданының Қаратал ауылына қарасты Жіңішкесу елді мекеніне арнайы барып Ә.Төлеубайдың көрсеткен орыны жазық даладағы 9-11 ғасырдағы Қимақ қағанатының қалашығының орынын аранайы барып, тарих дәуіріне қол тигізіп, шашылып жатқан қыш ыдыстың сынақтарын ұстап, көп заттарға куә болып қайттық.

Еркебұлан Зағыпаров,
журналист

Пікірлер