ҰҚК мен ІІМ екі қылмыстық топты ұстады (видео)

2881
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер министрлігі бірлесе Алматы және Алматы облысында жүргізілген арнайы операцияның видеосын жариялады. Операция нәтижесінде бір-біріне қарсы екі қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді.

"Қылмыстық топқа қатысушылардың бірнеше ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар. Қылмыс атыс қаруын қолдана отырып, аса өктемдікпен жасалған", - деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

 

Екі топтың белсенді мүшелерінің жалпы саны 30 адамға жеткен. Олардың арасында бұрын сотталғандар бар, кейбірі "ұрылар" идеологиясын ұстанып, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық жетекшілерімен байланыста болған.

Топ қатысушыларының тұрғылықты жері бойынша тінту барысында қарудың 11 түрі , 200-ден артық оқ-дәрі алынды.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.

Пікірлер