Катар Қазақстанға, Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді

3414
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Катар Қазақстанға медициналық жабдықтар әкелсе, Қазақстан Ауғанстанға азық-түлік жіберді.

«Қазақстан көршілес елдерге гуманитарлық көмек көрсетеді.  Жалпы Ауғанстанға әр мемлекет өз мүмкіндігінше, медициналық құралдар мен азық-түлік сынды көмек беріп жатыр», – деді ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры Ержан Мұқаш Нұр-Сұлтан әуежайында.

Бұған дейін  Нұр-Сұлтанға «Qatar Airways» әуе компаниясының арнайы рейсімен 9 тонна гуманитарлық көмек жеткізілген болатын. Онда маска, халат және қорғаныс құралдары бар. Қазақстандағы Катар елшісі Абдулазиз бен Султан Аль-Румейхи аталған көмек коронавирус инфекциясын жеңуге көмектесетініне үміттенетінін айтты.

Гуманитарлық көмекті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «СҚ-Фармация» ЖШС өкілдері қарсы алды және еліміздің медициналық ұйымдарына таратылады.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясы кезінде Қазақстанға Оңтүстік Корея, БАӘ, Қытай, Үндістан, АҚШ, Пәкістан, Ресей және Түркиядан гуманитарлық көмек келді. Ал еліміз жуырда Тәжікстанға көмек ретінде ұн жөнелтті.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер