Ресейде вакцинация «әскери» жағдайда салынуы мүмкін

2663
Adyrna.kz Telegram

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцинация «әскери жолмен» жүруі мүмкін, деді Ресей ғылым академиясының академигі, РФ еңбек сіңірген ғалымы Сергей Колесников «Парламенттік газетке» берген сұхбатында.
«Дәстүрлі емес» түрде «әскери» жолмен күзде немесе қыстың басында вакциналарды салуды  бастайды, деді ол. Академик төтенше жағдайлар кезіндегі дәрілерді тіркеудің ерекше қағидасы бар екенін еске салды.
«Біз өлім-жітімнің жоғары деңгейін және тұрғындарға келетін залалды ескере отырып, әскери мақсатта жүре аламыз деп айта аламын. Бұл жағдайда бүкіл халыққа екпе жасалмайды, бірақ жұртшылықтың қауіпті бір бөлігі, атап айтсақ, коронавирустық инфекция ошақтарында жұмыс істейтін адамдар мен аур сырқатпен тіркеудегі адамдарға вакцинация жасалады. Олар вакцина салдыруға келіспеген жағдайда "әскери" жолмен салуға тура келетін экспериментті де қолдануы мүмкін. Ал егер олар вакцинаны  таңдаса күзде немесе қыста вирусқа қарсы вакцинациялауды бастай алады », - деді Колесников.
Олай болмаған жағдайда, вакцинация жыл соңына дейін басталады, деді ол.

«Егер дәстүрлі түрде жасалатын болса, онда вакцина келесі жылдың басында пайда болуы мүмкін. Бәсекеге қабілетті, сапалы вакцинаны таңдау керек. Ол бірнеше елдерде жасалатындықтан, жүзге жуық бәсекеге қабілетті вакциналар пайда болады. Әрі қарай өндіріс басталады, бұл да тез бітетін процесс емес. Біздің еліміз үшін жеткілікті вакциналар жасау үшін үлкен "қуаттар" қажет », - деп жазады академикпен сұхбаттасқан басылым.

Колесниковтың бағалауы бойынша Ресейге жылына сегізден он миллионға дейін доза қажет болады, бірақ «халыққа жеткілікті иммунитетті» алу үшін 70 миллион доза қажет.

Сәрсенбіде Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко коронавирустық вакцинаның клиникалық сынақтары маусым айына жоспарланған деп мәлімдеді. Денсаулық сақтау министрі сонымен қатар дәрі-дәрмектердің пайда болуына шілде айының соңғы онкүндігіне үміт артып отыр, өйткені дозаны жасаушылар солай болжап отыр деп түсіндірді Мурашко.
Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде COVID-19 жұқтырушылардың жалпы саны 4,1 миллионнан асты, олардың ішінде 285 мыңнан астамы қайтыс болды. Ресейде 242 мыңға жуық инфекция тіркелді, 2,2 мыңнан астамы қайтыс болып, 48 мыңнан астам адам емделді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер