Жоғарғы оқу орнында білім беру процесін ұйымдастыруда магистранттар үшін тәжірибеден өту – біліктіліктерін арттыру мақсатында жасалатын маңызды қадамдардың бірі. Осы орайда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші курс магистранттары оқу жылының екінші жарты жылдығында он бес апта бойы оқу тәжірибесінен өтуде. Төрт жыл бакалавр бөлімінде және қосымша магистратураның алғашқы семестрлерінде жинаған білімдерін саралай отырып студенттермен жұмыс істеуге бейімделуде. Оқу тәжірибесінен өтуші магистрант реінде алғашқы апталарда дәріс және семинар сабақтарына қатысып сабақты қалай өткізу керектігі туралы тәжірибе жинасам, кейінгі апталарда өзім сабақ жүргізу арқылы барлық білімімді іс жүзінде шыңдадым. Тәжірибе барысында студенттермен белсенді жұмыс істеу үшін қажет төмендегідей мәселелерге баса назар аудардым:
- Біріншіден, оқу тәжірибесінен өту кезінде ұғынғаным: әр білім беруші өзінің алдындағы студенттен бірнеше қадам алдыда болуы және кез келген сұрағына толық әрі нақты жауап беруге әзір болуы керек;
- Семинар сабақтарын жүргізуде жаңа тақырып бойынша студенттің білім деңгейін анық көрсететін ұтымды әрі қызықты сұрақ қоя білу қажет;
- Алдыңдағы әр білім алушының психикалық ерекшеліктерін назарда ұстай отырып әрқайсына индивидуалды қарым-қатынас жасауға дағдылану керек;
- Магистранттардың жас ерекшелігіне байланысты сабақта тым еркінсіп кеткен студенттерге бірден оқу процесінің маңыздылығын ұғындыру қажет;
- Сондай-ақ жаңа идеяларды жүзеге асыру арқылы сабақты барынша қызықты өткізуге тырысу керек;
- Тек оқытушы ретінде ғана емес, әрі тұлға ретінде студенттерге үлгі боларлықтай қырыңнан танылу керек.
Меруерт Имангазина
Әл – Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
Филология және әлем тілдері факультетінің
1-курс магистранты
Куратор-эдвайзері филология ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Т.Әлімтаева