АРМАН ӘУБӘКІР: СССР-ды "Ұлы Отан" деп әспеттеуді қашан қояр екенбіз?

404

Осы күні БАҚ-та, әкім-қаралардың баяндамаларында "Ұлы Отан соғысы" деп сөз саптаушыларды жиі байқайтын болдық. Тіпті "аспан асты елі" деп қытайдың алдында өзімізді бодан сезіндіретін сөз тіркесін қойдыра алмай жүргенде "Ұлы Отан" деген СССР-дың тар қамыты мойнымызды қыспай ма екен, ә? Тәуелсіз ел деген атымыз рас болса, Жеңістің 75 жылдығын "Ұлы Отан соғысы" деп әспеттеуден арылатын уақыт келген жоқ па? Уысынан шығарып алғаннан соң-ақ қайта аңсары ауған, тіпті ұйықтаса түсіне кірер Ресейдің Кеңес үкіметін, алаш арыстарын қан қақсатқан қызыл империяны көксеу емес пе? II Дүниежүзілік соғыс десек, біреу біздің ат-тоңымызды шешіп алады ма? Егер біз Кеңес үкіметін "Ұлы Отан" деп әсіре әспеттеуді қоймасақ, азаттықты аңсаған Алаш арыстары не үшін құрбан болды? Бәрі бекер ме?
Жас ұрпақ орысшыл да, қытайшыл да, арабшыл да, түрікшіл де (анадолы) емес, алаш мүддесін бәрінен жоғары қоя білсе екен деп тілеймін.

Пікірлер
Редакция таңдауы