Мен мына Үкіметтен қорқайын дедім...

4137
Adyrna.kz Telegram

Өткенде Мамин бастаған, Дәленов (Ұлттық экономика министрі) қостаған сүйікті
Үкіметіміз Н.Смағұлов, А.Рахымбаев, П. Фостер, Б.Мусин, В.Ким («Форбсқа» мүше
миллиардер) секілді алпауыттар мен Mega Center, «Almaty Motors Premium», BI Group,
Эйр Астана, Самрук-Энерго, «Казахмыс», “High Vill Kazakhsatan” секілді алыптарға
мемлекет қаржылай көмек беретін болған 361 кәсіпорынның тізбесін шығарып, елді
есінен бір тандырып еді, енді 240 млрд.теңгеге 20 көтерме-өнім орталығын (КӨО)
салмақшы көрінеді. Сонда бүгінгі таңда қолдағы бар қойма-ғимараттар азшылық етіп, бұл
орталықтарға күйіп тұрған қажеттілік болғаны ма? Ол жайлы сөз жоқ. «Оларда
сақталатын отандық өнім бе, жоқ әлде негізінен шетелдік, берісі Өзбекстан мен
Қырғызстаннан, арысы Аргентина мен Бразилиядан жеткізілген өнім бе?» деген
басты сұраққа да жауап жоқ...
Ендеше, достар, «спасение утопающих дело рук самих утопающих» деп К.Прудков
айтпақшы, мыналар тағы бір «керемет» жоба жасап, шалқамыздан түсірмей тұрып,
болашақта бізге НЕ КЕРЕК? ҚАНША КЕРЕК? ҚАШАНҒА КЕРЕК? КІМ ІСТЕЙДІ?
ҚАРАЖАТТЫ ҚАЙДАН АЛАМЫЗ? деген 5 сұрақ төңірегінде, Үкімет қолға алып
жатқан дағдарысқа қарсы жобаға (ол қабылданып кетсе кеш болады) балама ретінде 1
жылдан 5 жылға дейінгі атқарылар мерзімі, жауапты тұлғалары, жұмсалар қаржысы нақты
көрсетілген, сұрыпталған істердің КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫН жасауға кірісейік.
Онда экономиканың барлық саласы қамтылуы тиіс. 1992-93 жылдары Қазақстанда тiкелей
Халықаралық Валюта Қорының айтуымен Д.Сембаев бастаған топ нарыққа өтудің
«шоковая терапия», оған қарсы А.Есентүгелов, Қ.Берентаев, т.б. кірген топ балама
нұсқасын жасағанда, 1-нұсқа өтіп, одан тапқан пайдамыз, жеткен жеріміз белгілі. Бүгін де
дәл сондай, артық-кемі жоқ, ұлт тағдыры шешілетін кезең.
Ең басты – қаржы мәселесіне келсек, оны Ұлттық қордан алуға болады. (Бүгін
алмағанда қашан аламыз?..) Өйткені, ол бәрібір Батыстың банктерiнде жатыр. Негiзiнен
америкалық компаниялардың құнды қағазына жұмсалған. Одан көрiп отырған пайдамыз
жылына 3-4 пайыз шамасында. Ал, бүгін бізге ондаған миллиард доллар инвестиция
ауадай қажет.
Ауыл шаруашылығына қатысты бір-екі ауыз ғана айтар болсақ, Т.Рахымбаев «163
ауданға 1млрд.теңгеден 163 млрд.теңгені шаруа қожалықтары мен қосалқы
шаруашылыққа нақты өндіріске бөлейік» дейді. Өте дұрыс! Мен өткенде 100 млрд.теңгені
нақты 40 мың отбасыға 50 саулық қойдан (немесе 50 мың отбасыға 40 саулық қойдан),
барлығы 2 млн.қойды сатып әперуге жұмсайық дедім. Төкеңнің есебі қандай екенін
қайдам, мен ұсынған жоба бойынша 2020 жылы әперген 2 млн.қойымыз 2029 жылы 30
млн.басқа айналады. Жобамыздың бәрі осындай нақты болуы тиіс...
Жалпы, ауыл шаруашылығымен айналысатын адам саны ел тұрғынының үштен
біріне жетпеуі, оның өндірісіне кетер шығын де ұлттық кірістің үштен бірінен аспауы
тиіс. Ол сонда ғана тиімді бола алады. Ал, бізде олай етуге әбден болады. Себебі, жеріміз
кең, америкалықтар секілді техниканы барынша мол пайдалануға мүмкіндік көп әрі
егіншілігіміз де бар, ол мал шаруашылығының жем-шөптен бастап тыңайтқышқа дейін
көп сұранысын қамтамасыз ете алады. Ол екі салаға қажет машина, агрегат, мини-
техниканың бәрін де өзіміз шығаруға қауқарлымыз. Айта берсек сөз көп, іске көшейік...
ТЖ мен карантин ашылғанан кейін, айталық 1-маусымнан бастап бір топ инженер,
агроном, ветеринар, математик пен экономист бір үйде ары кетсе 1ай отырсақ, толық
жазып шығамыз деп ойлаймын. Дәл соған демеушілік етер ұлтшыл азаматтар да табылар...
Достар, қимылдайық, әрқайсымыз қолымыздан келгенді істей берейік.

Өмірзақ Ақжігіт

 

Пікірлер