Карантин кезіндегі пайдалы кеңестер

3764
Adyrna.kz Telegram

"Kazbrands" Қоғамдық қоры қазіргі карантин кезінде халыққа пайдалы қарапайым кеңестерін (лайфхак) ұсынады, деп жазады baq.kz.

1. Өзін өзі оқшаулау деген не?

Жалпы «өзін өзі оқшаулау» (самоизоляция) деген түсінікті бұл індет келмей тұрғанда жапондықтар қолданысқа енгізген. Жапонша ол "Хикикомори", яғни дағдыны тез ауыстыруды, тұрмыс дәстүрін, тұлғалық жүріс-тұрысты, қоғамнан ерікті түрде өзін адалауды сипаттайды. Өзін өзі оқшаулау бұл ел үкіметінің індеттің өршуіне байланысты азаматтарға жариялаған жедел әрекеті және қандай да болмасын жас ерекшеліктеріне қарамай уақытша үй карантині. Бұл үйдің сыртындағы жоспарлаған барлық жұмыстарды және кездесулерді тоқтату, қонаққа шақырмау және қонаққа шақырған жерге баруды уақытша өзіңізді тыю дегенді білдіреді. Негізі өзін өзі оқшаулау кезінде әр азаматтың құқықтары мен міндеттері сақталынып, алайда карантин кезінде бей-берекет сыртта жүруге тыйым салынған. Өйткені өзін-өзі оқшаулаудың шарты ол үйде болу. Бұл өте қауіпті індеттің таралмауын тез арада тоқтатады.

2. Өзін өзі оқшаулауға қалай дайындалуға болады?

Өзіңізді карантин кезінде сенімді және азды-көпті қорғалғандығыңызды сезіну үшін екі апталық азық-түлік, ауыз су және дәрі-дәрмек, гигиеналық заттар қорын жасап алыңыз. Уақытты үнемдеу үшін жеткізіп беру қызметін пайдаланып: ұн, макарон, консервілер, жартылай дайын өнімдер (полуфабрикат), жеміс, көкөніс және басқа да заттар, су, және дәрі-дәрмектер, қорғаныс маскаларын, бір реттік қолғаптар, дезинфекциялық және гегиеналық құралдарына тапсырыс беруге болады. Дүкен мен дәріханаға барған кезде әлеуметтік ара-қашықтықты (2 метр қашықтықта өзге адамдарға жақындамау керек) ұмытпаңыз. Барлық қаптамадағы тағамдарды санитайзермен тазалап, үйге келген бойда көше киімі мен аяқ киіміңізді жуып қойыңыз. Карантин кезінде уақытша қолма-қол ақшаларды ұмытып, картамен төлем жасап, оны әрдайым дезинфектормен тазалап тұрыңыз. Ашық қолыңызбен есіктің тұтқасын, лифтінің және банкоматтың батырмаларын, таяныштар мен көпшілік қолданатын заттардың сыртын ұстамаңыздар. Барлық гаджеттерді, әсіресе мобильдік телефоныңызды үнемі дезинфекциялап жүріңіз. Үйіңізде әбден ылғалды тазалау дезинфекциясын жасаңыз. Өз-өзіңізді оқшаулаған жағдайда егер де денсаулығыңыздың нашарлауына байланысты бір нәрсе бола қалса, тездетіп көмекке келу үшін үйіңіздің жинақ кілтін туысыңызға, көршіңізге немесе консьержге беріп қойыңыз. Сондай-ақ кілттерді дезинфекциялап, оларды беруде жеке байланыстан аулақ болған абзал. Өзіңіздің эмоционалдық жағдайыңызды тұрақтандыру үшін, өз-өзіңізді оқшаулау уақытында күнделікті режим жасап, соны сақтауға тырсыңыз.

3. Өзін-өзі оқшаулау қанша уақытқа созылады?

Қазіргі таңда республикамыздың барлық аймағы карантин жағдайында және адамдар өз-өздерін оқшаулауда. Алайда бұл оқшаулау дерттің жайылу қауіпіне қарай созылуы да мүмкін, оған моральдық тұрғыдан да дайын болған абзал. Мәселен Қытайда барлық сақтық шараларын қатаң сақтау арқылы індеттің бетін бері қайтарып, өршуіне жол бермеді. Оған дейін онда карантин уақыты 2 айға созылып, 65 млн. адамды қамтыды. Бағынбайтын індетті тездетіп тоқтатуға осы уақыт жетті. Біздің ел Президенті мен тиісті салалардың жедел әрекеттерінің арқасында індеттің басқа елдер секілді таралуына (АҚШ, Италия, Иран және т.б.) жол берілмеді. Егер де республикамыздың әр азаматы өзін-өзі оқшаулау мен гегиеналық құралдарды пайдаланса, онда бір ай көлемінде жағдай тұрақталуы мүмкін дейді сарапшылар.

4. Өзін өзі оқшаулауда қандай ережелерді сақтаған жөн?

Үй қарантинінің ең басты қағидасы бұл үй-жайды тастап кетпеу. Тек мына жағдайда ғана ерекшелік жасауға болады:

- жедел медициналық көмек қажет болғанда;

- дәрі-дәрмек пен азық-түлік (үйге жақын жердегі дәріхана мен дүкеннен) алуға;

- итті серуендетуге (үйден 100 метрден алыс қашықтықта болмау);

- қоқысты шығару.

Сонымен қатар, өздерінің пәтерлерінен шығуға рұқсат етілген азаматтар бұл міндетті (тиісті органдар арқылы арнайы рұқсатнамасы арқылы) жұмысқа баратындар. Бұл тізімге қашықтық режіміне өте алмайтын лауазымды тұлғалар, ішкі істер өкілдері, дәрігерлер, өндірістік және мекеме қызметкерлері жатады. Естеріңізде болсын, үй карантинінің табыстылығы әрқайсысының жеке шешіміне, яғни өзінің жүрісін сыртта шектеу және өзге адамдармен түйіспеуге байланысты.

5. Өзін өзі оқшаулау кезіндегі дезинфекция.

Пәтерде болғанда қауіпсіз режимді сақтауды қамтамасыз ету үшін, бөлмелерді үнемі желдетіп, сыртқы дезинфекциялық тазалау жүргізу қажет. Дәрігерлер күніне екі рет әбден ылғалды тазалау өткізуді ұсынады, әсіресе ерекше назарды асхана мен жуынатын (санузел) бөлмеге аударған жөн.Тазалықтың жүйелілігі бұл - алдымен тұрғын бөлме, одан кейін – асхана мен жуынатын бөлме. Егер де мүмкіндік болса, онда бір реттік салфеткалар мен шүберектерді пайдаланыңыздар немесе көпқолданбалы шүберекті әр тазалық кезінде жуғыш затпен шайып, жақсылап кептіріңіз. Заттардың сыртқы жағындағы вирусты спиртпен және ерітіндімен жоюға болады. Себебі қазір сатылымда антисептиктерді табу қиын, сондықтан таза медициналық спиртті (спрей-құтыларға құйып) пайдаланған жөн. Сонымен бірге әр кеш сайын есіктердің тұтқаларын, орындықтардың арқаларын, су ағатын шүмектерді және басқа да сыртқы жақтарды, үй-ішіндегілердің барлығы көп ұстайтын заттарды дезинфектормен сүрту ұсынылады. Егер де ыдыс жуатын машина жоқ болса, онда ыдысты жуғаннан кейін ыстық суға шайып, одан кейін жуылған ыдыстан су сорғалап ағып тұратындай кептіру керек. Әр тазалаудан кейін қолды дезинфектормен өңдеу керек. Өзін-өзі оқшаулаған кезде кірді 60 градус температурада жуу ұсынылады.

6. Егер де дезинфекциялық құралдар мен спрейлер таусылса не істеу керек?

Тазалау кезінде кислородтық ағарту немесе хлорды 1/10 (Стақан суға 1 ас қасық) көлемінде жылы сумен араластырып жасауға болады. Бұл ерітіндіні қолғаппен жұмыс жасау ұсынылады. 10-15 минут өткеннен кейін сыртқы жағын тазалау үшін сулы салфеткамен немесе шүберекпен сүртіп алу қажет. Қолды дезинфекциялауға қарапайым сабын да жарайды: егер де әр қолды 20 секунд сайын жақсылап сабындап жуса, онда вирус бірден жойылады.

7. Өзін өзі оқшаулауды бұзушыларға қолданылатын шаралар.

Заңға бағынбағандарды потрульдік полиция өкілдері ұстап, тиісті әкімшілік жауапкершілікке тарта алады. Төтенше жағдай кезіндегі режимді бұзғаны және талаптарды орындамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476-бабы (төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша ескерту, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 26510 теңге айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

 

Фото: интернет желісінен

Пікірлер