Олжас Шүленбаев: Күн жылынғанда коронавирус қарқыны баяулай ма?

1759

Қазақ атамыз «Сәуір болмай, тәуір болмас» дегендей, бүкіл әлемді жайлаған коронавирус індеті жаз айларында өзінің қарқынын баяулата ма? – деген сұрақ бәрімізді де мазалайды деп ойлаймын.

Әлемде көп ғалымдар күн жылынса, вирустың таралу қарқыны баяулауы мүмкін деп болжады, бірақ қаншалықты төмен түсетінін ешкім басып айта алмады. Covid-19 вирусы жаңа түр болғандықтан, әзірге дейін бізде де нақты жауаптарға қарағанда сұрағымыз көп болып тұр. Сонда да қазірге кезде қолымызда бар ақпаратты қарап, талдау жасап көрсек...

Бұл вирус табиғаты жалпы ыстыққа төзімділігі төмен вирустар түріне жатады. Сыртынан май және ақуызбен қапталған, сондықтан жоғары температураларда теория бойынша сыртқы қабығы бұзылады да вирус өзінің төзімділігін жоғалтады. Алайда, көп вирустармен салыстарғанда Covid -19 ылғалдылығы төмен ортада ұзақ сақталады.

Гонконг Университеті мен Массачусетс технологиялар университеттерінің (MIT) ғалымдарының зерттеулеріне сүйенсек, вирус өзін 30С пен 170С аралығында өте жақсы сезінетіндігін көрсетті. Алайда, вирус 220С жағдайында өзінің ұзақ өмір сүрмейтіндігі анықталды. Ол дегеніңіз, далада температура жоғарлаған жағдайда темір немесе ағаштан жасалған заттардың үстінде вирустың өмір сүру уақытысының қысқаратындығын көрсетеді. Осы зерттеулерді жүргізген MIT  университетінің профессоры Касим Букари «ауа райы суық жерлерде вирустың таралуы аса үлкен қарқынмен жүрді» деген ой білдірді.

Алайда вирус басқа да жолмен таралуы мүмкін, мысалы адам жөтелгенде не болмаса түшкіргенде, бұл жағдайда температураның әсері қандай болатыны белгісіз. Осыған орай Гонконг университетінің қоғамдық денсаулық сақтау лабораториясының басшысы Лео Пун коронавирус ауа-райы жылынған жағдайда толығымен жоқ болып кетуіне күмән келтірді. Аурудың таралуын тоқтату үшін қоғамдық оқшаулану әлі де керектігін айтты.

Мысал ретінде грипп вирусын алсақ, коронавирус түріне жатпаса да, алайда коронавирус тәрізді оның да сыртқы қабығы қалың екендігін ұмытпауымыз керек. Оның қабығы жоғары температура мен ылғалдыққа сезімтал екендігін көптеген зерттеулер көрсетті. Ыстық мемлекеттерде грипп ауруы қыста өршіп, көктем-жаз айларында баяулайтынын білеміз. Грипп вирустарының маусымдылығын зерттеген АҚШ-тың Вирджиния Технология университетінің қоршған орта және инженерия бөлімінің профессоры Линси Баррдың айтуыншағ оқшаулануда отырған адамдар бөлмеде болуы және ыстық ауа райында салқындатқыштарды қосуы вирустың таралуына оң әсер етеді.

Айта кетерлік нәрсе, тропикалық мемлекеттерде адамдар грипп вирусымен жыл бойы ауырады. Бұл дегеніміз, бір жағынан жоғары температура мен жоғары ылғалдылық вирусқа кедергі еместігін көрсетеді.

Енді соңғы жиналған ақпараттарға қарасақ, жаңа вирустың көп ауратындар саны ауа райы ыстық және ылғалды мемлекеттерде баяу таралғандығын байқауға болады. Алайда климаты жылы мемлекеттер адамдарды коронвирусқа жаппай тесттен өткізу жағынан ауқымды жұмыс жүргізбегендігін ескеру керек. Бұл жағдай жылы климаттың вирусқа қалай әсер етендігіне обьективті көзқараспен қарауға кедергі келтіреді. Мысалға алатын болсақ, Мексика және Эквадор секілді мемлекеттерде тесттілеу саны өте шектеулі болғаны белгілі, сондықтан да әлемдік мамандар бұл елдердегі статистикалық ақпараттарға үлкен күмәнмен қарауда. Бүкіл әлемде қазіргі таңда ауру тасмалдаушыларды анықтау мақсатында жаппай тестілеу жұмыстарын жоғары дәрежеде жүргізу бойынша Оңтүстік Корея мемлекетінің алдына әлі ешкім шыға алмады. Не дегенімен, климаты жылы және жаппай тестілеу жұмысын белгілі денгейде жүргізген Сингапур, Австралия және Араб Эмираттары секілді мемлекеттер басқа ауа-райы салқын мемлекеттерге қарағанда ауру санының аздығымен ерекшеленеді.

Әрине, Африка мемлекеттері қазіргі таңда COVID-19 бойынша әлемдік рейтингтің соңғы қатарларында. Бірақ, Африка мемлекеттерінің ауру анықтау мүмкіншіліктерінің төмен екендігін мойындау керек. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, Морокко, Алжир, Египет және Оңтүстік Африка Респубикасы анықталған аурулар саны бойынша алдыңғы қатарда тұр. Бұл мемлекеттердің алдыңғы үшеуі – материктің солтүстік өңіріндегі мемлекеттер. Бұл феноминге обьективті қарау үшін ол мемлекеттердің экономикалық ерекшеліктерін ескеруіміз керек. Бәлкім, ауру анықтау мүмкіншіліктері басқа мемлекеттерге қарағанда жетілдірілген шығар?! Осы орайда, егер ауру қарқыны Африка материгінде кеңінен жайласа, Африка мемлекеттерінің денсаулық сақтау жүйелерінің індетпен күресуге қаншалықты дайын болатындығы күмән тудырады.

Қортындылай келсек, әліде температура мен ылғалдылық факторларының COVID-19 вирусына қалай әсер етендігі жайлы мәліметтер аз. Бірақ қазіргі таңда бұл бағытта көп жұмстар жүргізулуде. Жақын болашақта жақсы жаңалықтар болады деп сенуден басқа амал жоқ. Қалай болса да, қазіргі таңда бәрімізге белгілі заттарды ұмытпаған жөн, ол суық ауа тыныс жолдарының әр түрлі инфекцияга қорғаныс механизімдерін әлсіретіп және жалпы адам иммунитетін төмендетеді. Сондықтан иммунитеттімізді шындап үйде отырудан басқа эффективтілігі жоғары ем жоқтығын мойындауымыз қажет.

 

Қолданылған дерек көздері:

  1. https://coronavirus.jhu.edu/map.html
  2. https://papers.ssrn.com/sol3/papers.cfm?abstract_id=3561155
  3. https://www.nytimes.com/2020/03/22/health/warm-weather-coronavirus.html
  4. https://www.scientificamerican.com/article/what-could-warming-mean-for-pathogens-like-coronavirus/
  5. https://theconversation.com/covid-19-in-africa-fewer-cases-so-far-and-more-preparation-needed-133539

 

Олжас ШҮЛЕНБАЕВ,

Health City халықаралық медицина жүйесінің Қазақстандағы медициналық директоры,

doctor@healthcity.kz

 

 

Өмірдерек:

Доктор Шүленбаевтың жедел ота жасау саласында кең бағдарлы хирург ретінде 10 жылдық  жұмыс тәжірибесі бар.

Олжас 2020 жылы Қазақ ұлттық медицина уаниверситетін от жасау саласы бойынша қызыл дипломмен бітіреді. Интернатурасын Оңтүстік Кореяда өткізеді.

Ол өзінің мансаптық көтерілуі жолында Оңтүстік Корея, Австрия, Германия елдерінде әртүрлі курстар мен семинарлардан өткен, сондай-ақ, республикалық және халықаралық мәні бар көптеген конгресстерге де қатысқан.

2015 жылдың басында Доктор Шүленбаев HealthCity командасына жедел жәрдем және жедел көмек беру бөлімінің басшысы ретінде қосылады.

Ол 2009 жылы Германиядағы оқуын сәтті аяқтағаннан кейін АҚШ-тың Health City халықаралық медицина жүйесінің Қазақстандағы медициналық директоры ретінде тағайындалды.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.

 

 

Пікірлер
Редакция таңдауы