«Ойыңа бірде-бір ой келмесе де, оны қағазға түсіре білгенде ғана, журналист боласың. Тарихшы – көбіне өткенді саралушы журналист. Карл Краустың бізге қалдырып кеткен осы бір алтын сөзі бүгінгі менің мақаламның бастауы болып тұр.
Журналист мамандығы – қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала. Өз шығармашылығы арқылы қоғамға да, адамға да қызмет ететін, ешқашан қателесуге болмайтын, қашанда жаңаның, жаңалықтың жақтаушысы, қолдаушысы бола алатын осы бір кәсіп иелерінің қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді. Бұл әрине, қуантарлық жәйт. Ал сіз журналист деген кім және оның алғашқы ұшқындарының қалай пайда болғандығын білесіз бе?
Журналист мамандығы қызықты әрі күтпеген кездесулермен, саяхатпен, ақпараттар теңізімен тығыз байланысты және бұл мамандықтың иесі бәрінен де бірінші хабардар болуы керек. Журналист болу – мақсаткер, талапшыл әрі бір уақытта тез тіл табысқыш, ықыласты, бауырмал болу деген сөз. Қоғамдағы құбылыстарды зерттеп-зерделеу жолында өзіңнің күшің мен уақытыңды аямайтын дәрежеге жеткенде, өзіңнің шын талантыңмен оқырманды баурап алатын шабытың шыңдалғанда ғана жақсы журналист бола аласың. Қаламың мен қағазың арқылы қорғансызға пана болып, әділеттік тапқанда, біреуге үміт ұялатқан сәтте осы мамандықтың құдіретін сезінуге болады. Журналистиканың нақты анықтамасы жоқ. Әркім оған өзінше анықтама беруге тырысады.
Журналист — бұл жаза алатын адам. Айтпағымыз аспаздыққа арналған кітапқа мәзір немесе туыстарына әдемі құттықтау жазуға икемі барлар емес. Ол әлемде болып жатқан алуан құбылысты зерттеп, саралай алатын, оны жазбаша әдемі жеткзіе алатын болуы керек. Құпия толы күнделіктерін, жазбаларын жазу үстелінде сақтап, өзін "қалам шеберімін" деп атайтындар журналист емес. Аталған мамандық иегерлері бұқаралық ақпарат құралдарына, интернет басылымдарға жаңалықтар, фотоесептер, мақалалар дайындайды.
«Кел, балам, ғылым оқы, өнер – серік, ақ жолға ықтиқатың болсын берік!..» Бұл – ұрпағының келешегіне алаңдаған әке аманаты. Аманатқа қиянат жасамай, әке үмітін ақтау – әр перзенттің парызы. Зар заманның қатал сын-соқпағынан өткен Мәшһүр Нұрқожаның әкелік тілегі ақталды десек, қателеспейміз. Қайыржан Нұрқожаұлының сәулелі ғұмырында атқарған еңбегі мен қалдырған мол мұрасы осы сөзіміздің дәлелі болмақ.
Павлодар өңірінің тумасы, елге еңбегі сіңген журналист, Қайыржан Бекхожин – көптеген әлеуметтік мәселелерді қозғап, әртүрлі тақырыпта қалам тербеген журналист. Мысалы «Көрмес түйені де көрмес» мақаласында («Екпінді», 5 қазан, 1935 ж.) театр мәселесін көтеріп, ашық түрде «облоно» қызметкерлеріне сын айтады. Мұндағы басты мәселе – театр актерлерінің нашар тұрмыстық жағдайы, театр ғимаратының жоқтығы, сахналық образды ашатын киім-кешектердің аздығы. Алдыменен: «Шаттық өмірдің салтанаты, қаламыздың көркі, жұртшылықтың үлкен мектебінің бірі болған театрды облоно біле ме екен?» деп мәселенің басын ашып алады. «Көрмес түйені де көрмес» дегендей, облоно басшылары өз міндетін көрмегенімен біздің көрмеуімізге болмайды», – деп орынды сын айтып, бұл мәселені шешу үшін жасалуға тиісті жұмыстар тізімін нақты келтіреді.
Нақтылық, мәселені түбіне дейін сараптау Бекхожиннің ғылыми мақалаларына да тән. Ол «Қазақтың демократиялық баспасөзі» мақаласында революцияның жаңадан өрлеуі кезеңіндегі қазақ баспасөзінің пайда болуын, баспасөз бетіне жарияланған мақалаларды зерттейді. Қазақ даласында ең алғашқы болып жарияланған газет-журналдар жайлы жазған мақалалары да аз емес. Сондай-ақ Абайдың, Шоқанның публицистикасына, Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына кеңінен үңіледі.
Мақалада мәселе де нақты қойылған, оның туындау себептері мен шешу жолдары да жазылған, дәлелді фактілер де жеткілікті. Оқып отырып, нағыз публицистикалық мақаланың үлгісін көреміз. Бекхожиннің қаламынан туған «Жарманың жаңа газеті жабулы жатыр», «Еңлік-Кебек постановкісі», «Қазақ тілін Мырқымбайға жүктей салыпты», «Малдың міндетімен мықтылап күресейік» атты мақалалары да жас журналистің қоғамдағы өзекті мәселеге деген өткір көзқарасын айғақтап тұр.
Мақаланың тақырыбына арқау болған жүректен шыққан сөздер жүйрік журналист Ғазағаңның айтқан сөзі. Ғазағаң берген сұхбатында: « Қалам журналистің бес қаруы. Бірақ, оны жеке бас пайдалану этикаға жатпайды. «- деп нық айтқаны бар еді. Жүйрік журналист атанып кеткен Ғабдул-Ғазиз Есембаев журналистердің, нақтырақ айтар болсақ, жас, енді ғана бұл салаға қадам басып келе жатқан ізбасарларына айтқан ақылы да бар-ды:
«Оқырмандар арасында билікке қарсы мақала жазған, белгілі бір шенеунікті 'сойып салған ' оппозициялық көзқарастағы журналистерді мықты, мінезді деп бағалап, көтермелейтін әдет қалыптасқан. Меніңше, кез келген тақырыпты жер жеріне жеткізіп, ақтың ақ, қараны қара екенін дәлелдеп, бастаған ісін аяқсыз қалдырмай, түпкі нәтижеге жеткен журналист- мінезді журналист!»
Сонымен қатар, журналистика жолында өз орнын қалыптастырған ағамыз қазақ тілінің қолданбауына да біраз қынжылатынын мысал жолдарымен жеткізіп өтті. “Қазір жастар бірінен бірі “неше рет екі қабат болдың?” деп сұрайды. Қазақтың “қанша құрсақ көтердің?” деген сөздері ойларына кіріп шықпайды.”
Қорытындылай келе,әрине, бәріне бірдей топырақ шашпайды. Айтылған барлық сөздерді жас, қанаттары қатаймаған журналистер , ағасының айтқан ақылындай қабылдайды. Журналистерге бастысы шындықты жаза білу, нақтылық пен көркемдік. Жазу өнері екенін тілге тиек еткен болатынбыз. Ендеше сол өнерге барша журналистер шыңдалып, бойындағы талантын одан әрі дамытса, нұр үстіне нұр болғай. Нағыз журналист – жаза алатын алам. Жазып отырған тақырыбының әлеміне еніп кете алатын адам. Ол қасиетті бойда дамыту үшін көп кітап оқу керек, тек қана ізденіс үстінде болу керек.
Бәкір Дана Галымжанқызы
Журналистика факультеті 1-курс
Тұран университеті.