Тектің құдіреттілігі

2689
Adyrna.kz Telegram

«Тексіздің тегі-құл» деген көнеден қалған сөздің астарында үлкен пәлсапа жатыр.
Менің сана-сезімімде тек үлкен аса құдіретті рөл атқарады. Неге десеңіз тек ол біздің тарихымыз. Әрбір жанның, әрбір жанұяның өзіндік жеке тарихы. Ата-бабасының өсиеті, күші , құдіреті бәрі тегіңізде сақталады.
Кезінде қазақ халқы сауаттылықты, иманды, дәстүрді, тарихты аса құрметтейтін халық болған. Бірақ,уақыт өте келе адам өзгеруімен заман да өз кәлиясынан асып бара жатыр. Иә,заман еш уақытта өзгермейді оны адам өзгертеді.
Менің ойымша текті адам деген өзінің бабаларын құрметтейтін, бабаларын білетін, елін сүйетін, өз халықына жанашыр бола алатын және өзін нағыз азамат, азаматша ретінде көрсете алатын адам деп ойлаймын. Мысалы, естуімше бір ауылда сонау ата-бабасынан бері оңбай келе жатқан ұрлықшылар атанған отбасы бар екен. Өз ауылын өзі тонап, одан қала ұрпақтарына «ұрлықшының баласы», «әй,бұл ана ұрлықшы шалдың немересі» деген атақ қалдырған адам қандай екен? Әрине,бұл дүниеде неше түрлі жағдайлар болып жатады. Біреуді сөгуге ешқандай құқығымыз жоқ. Алайда адам бірінші өз намысын,тегін сақтап қалу керек.
Кез-келген жерге. барсаңыз жұмыс болсын, кездесу болсын, оқу орны болса да сізді біреу мақтаған кезде «Қандай текті отбасыдан шыққан» немесе «Текті адам екен» деп сізге тамсана қараса өзіңізге жағымды емес пе?! Осындай мадаққа ие болу үшін ең бастысы тәрбиелі болу керек. Ата-бабаның құдіреттілігін білу керек. Өзіңіздің тегіңізге деген ерекше махаббат,мақтаныш сезімі болуы қажет. Сонда ғана сіз текті адам бола аласыз. Осыдан түйетін ойымыз «Сіздің әрбір ісіңіз,әрбір сөзіңіз» болашақта сіздің ұрпағыңызға қойылатын таңба десек те болады.

Белгозиева Назерке Асылбекқызы.

Туран университеті.
Алматы қаласы.

Пікірлер