Қордайдағы қақтығысқа қатысы бар делінген 24 адам Алматыда қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .
"Барлық 24 адам бұлтартпау шарасы ретінде екі айға қамауға алынды - мамыр айының соңына дейін. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігі бойынша ("Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру") күдікке ілінді", - деді Алматы қалалық сотындағылар.
Еске салайық, биыл 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болған еді. Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған болатын.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз