СЕРІК ЕРҒАЛИ: Менің астанама - 15 жыл

3190
Adyrna.kz Telegram

Астанаға келгеніме 15 жыл болғанымда мен бұл қалаға әлеуетімді қостым дей алмаймын. Әрине, басқа салаға елдің дамуына үлес қосу деген мағанада айтып отырмын. Өз ғұмырыма қарап отырып, біздің қаншама ұрпақ өмірін зая кетіріпті, біз не рухани байлықты, не материалдық байлықты үстемелей алмадық. Неге?
Бүкіл ел бір кісінің тағдыры үшін ғұмыр кешкендей әсер бар. Не деген қорлық... Қаншама адам құсадан кетті, кетіп жатыр...
Бірақ менде соншама өкініш жоқ. Өйткені, азды-көпті еңбегім мен өмірім зая емес.Әлі көп нәрсені істеймін/З. Алайда қазақ деген арғымақ халық қой. Әлемді билеген асыл тұқымды төре халық.
Бұндай сауатты, ақылды, сабырлы, төзімді, алғыр, зейінді, бейімді, алға ұмтылғыш, биікке асығатын ұлт мейлінше аз! Соны өзі білмейді. Өзінің қадырын өзі білмейді, білгізбейтіндер көбейіп тұр. Сталин айтқандай, қазақ оны білсе, масаттанып өледі. Сондығымен тойшыл, сондығымен жалқау, сондығымен бәсекешіл, сондығымен сойқан ғой!!!
Әлі-ақ арғыйды!
Менің арманым мен ұсынысым - Ұлытаудан астана салу болатын. Әй, әлі де сол болады-ау!
Астананы орталыққа көшіру, Солженицынның әйгілі "Как обстроит Россию" деген сандырағына қарсы жауап ретінде "Көсеге қайтсе көгерер" мақаламда келтірілген-ді.
Кейбір нәрселерді қайтадан жаңғыртып қоғамға ұсыну керек болып тұр.
Қазақтың астанасына - бәленбай ғасыр. Нұрекеңнің астанасына - 22 жыл. Менің астанама - 15 жыл.
Әркім өз астанасына ие болғаны дұрыс. Елдің астанасы біреуге ғана тиесілі болмауы керек.

Пікірлер