Карантиннің пайдасын табиғат көріп жатыр

4468
Adyrna.kz Telegram

Карантинге жабылған елдер мен қалалардың әсерінен экологяның сәл болса да оңалғаны байқалады. Мұны спутниктен түсірген суреттерден немесе  қарапйым қала кейіпінен-ақ байқайсыз. Бұл өзгерістерді Алматыдан да көріп жатырмыз.

 Әлемдік экологияға басқалардан әлде қайда көп зиянын тигізіп жатқан Қытай ауасының тазарып қалғаны соңғы кезде анық көрініп жатыр. Оны спутниктен түсірген суреттен де, қала көшелерінен де көреміз. Мұның негізгі себебеі- қаладағы көлік қозғалысының азаюы. Ал коронавирустан қайтыс боп жатқан адамдар саны бойынша алты мыңнан астам адаммен алға шыққан Италияның Венеция қаласындағы су арналары тазарып жатыр. Ол жер қалыпты уақытта туристтердің сүйікті мекеніне айналушы еді. Бірақ қазір мемлекет боп карантинде жатқандықтан су тазарған. Балықтар мен дельфиндер арналарға қайта оралуда. Бұған ұқсас жағдай Алматы қаласында да байқалады. Әлеуметтік желі қолданушылары «дейін, кейін» деген атаумен ауасы әлде қайда таза қаланың суреттерін жариялауда.

Иә, шынымен-ақ адамзат табиғат ананың еркесіне айналғандай. Әлемдегі, елдегі экологиялық ахуалға қарап, «табиғат адамдардан біраз демалсын» деген ойға қаласың.

Алматы қаласында карантин жариялануына байланысты көлік қозғалысы айтарлықтай шегерілген. Бұл талайдан бері экологтардың дауына айналған «Алматы қаласын ЖЭО ластап жатыр ма, немесе көлік қозғалысы ма?» деген сұрақты шешудің таптырмас жолы.«ЖЭО-ның жалпы қала ауасының сапасына қаншалықты әсер ететінін және Алматы қаласының көлік көп жүретін көше қиылыстарындағы ауаның ластануын анықтау мақсатында, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің тапсырмасымен «Қазгидромет» РМК 20 наурыздан бастап карантин бойы және ол аяқталғаннан кейін бір ай бойы келесі нүктелерде ауадағы ластаушы заттардың шоғырлануына жоспардан тыс өлшеу жүргізетін болады:

- Саяхат автовокзалы ауданында;

- Тастақ базарының ауданында;

- ЖЭО-2 санитарлық-қорғау аймағының шекарасында.

Талдау синоптикалық жағдайды ескере отырып жүргізіледі, сондай-ақ жоспардан тыс өлшемдерден басқа, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» РМК ауасының ластануын бақылау бекеттерінің және эко-белсенді Павел Плотицынның датчиктерінің деректері қолданылатын болады» деп жазды өзінің Facebook парақшасында  ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің ресми өкілі Самал Ибраева.

  Естеріңізге салсақ, жылдың басында эко-белсенділер Алматы әкімдігінен қаланы ластанудың шегіне жеткен деп мойындауын талап етіп, ашық хат жолдаған.  Ол жерде қаланың алдағы 30 жылдық жоспарымен танысқан белсенділер, оның қате екенін айтқан.

«Стратегияда Алматыдағы ауаны ластаушы 65% -ы көліктен, 27% -ы жылу электр станцияларынан екендігі айтылған. Бұл өтірік. EXIMAR зерттеулері мынаны дәлелдейді: ЖЭО зауыттары ауадан автокөліктерге қарағанда көп зиян келтіреді.

Көлік ауаны ластамайды дегеннен аулақпыз. Бірақ әкімдік адамдарды адастыруды тоқтатып, ЖЭО-ның ауаны ластап жатқанын мойындасын дегіміз келеді» делінген хаттағы петицияда.

Карантинге жабылған Алматыда көгершіндер қырылып жатыр. Ел арасында 28 панфиловшы паркінде өліп жатқан көгершіндердің видеосы тарады. Әлеуметтік желі қолданушылары құстарды қаланы дезинфекциялағаннан улануы мүмкін екендігін айтты. «Алғашқы алынған сынама құстардың уланғанын растайтынын айтқым келеді.

Облыстық аумақтық орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі инспекциясы, ҚР АШМ аумақтық ветеринарлық бақылау жəне қадағалау инспекциясы, қалалық ветеринарлық қызмет, Кəсіпкерлік жəне инвестициялар басқармасы, Зоология институты мен абаттандыру бөлімі мамандарынан тұратын комиссия құрылды.

Комиссия барлық өлген құстарды жинап, ветеринарлық қызмет арқылы зертханалық зерттеу жүргізу үшін сынама алынды. Бұл зерттеудің түпкілікті нəтижесін кейінірек жариялайтын боламыз» деп жазды кеше Самал Ибраева.

«Қазір дүние жүзінде апаттар боп жатыр. 40 пайыз өзендер азайды. Біз қуаңшылықтың алдында тұрмыз. Әлемдік мұхитта су деңгейі көтерілуде. Сәл жауын жапса су тасқыны болуға шақ қалады. Қардың жауу деңгейі де артқан. Көктемде су тасқыны боп елді су шайып кетуі де осыдан. Енді қазір көліктер тоқтағанда күн де шықты. Негізі, ең пайдалы қоғамдық көлік-трамвай-ды. Көптеген ауру да осы Алматы қаласының экологиясының бұзылуынан» дейді эколог маман Мэлс Елеусізов.

Думан ТЕРЛІКБАЙ

Жас Алаш

Пікірлер