СЕРІК ЕЛІКБАЙ: Тәжді тұмау тесті...

2560
Adyrna.kz Telegram

1.Біздің биліктің шұғыл шараларға дайын еместігін көрсетті! Елбасымыздың көрінбеуі де сол...
0 балл!

2.Шетелде жүрген бір қазақтың ел деп бұрылмағанын көрдік!Біздің әлсіз ұлтшылдық-өзге елде мүлдем сөніпті (бұл жағынан ала тақиялылар озды).
0 балл.

3.Бекшиннің сөзінен ұққанымыз- биліктегілер ақпаратты жеткізе алмайды екен!
0 балл.

4.Денсаулық саласы жедел кезеңде жатқызатын аурухана түгілі - жеткілікті бетперде тауып бере алмады!
0 балл.

5.Қазақ халқы қамсыз екен!

6.Саудагер біткен Өз мүддесін ғана ойлайды екен!
0 балл.

7.Бұл дерт жайлы түсіндірер денсаулық саласындағы кәсіби білімі бар БІРДЕ-БІР журналист жоқ екен. Денсаулық Каналы жоқ болып шықты!
0 балл.

8.Осындай кезде, дағдарған шақта ҰЛТҚА қорған Тұлға жоқ екен... Жұрт алдында жүргендердің плюсті лимиттері таусылыпты...
0 балл.

9.Қазақ халқы яғни, әрқайсымыз белгісіз аурумен жеке, бетпе-бет қалдық!

10.Осындай шақта әр қазақтың мейірімге, көмекке мұқтаж көңілі ауа қармап қалды...
АРЫ ЖАЗҒЫМ КЕЛМЕЙДІ!
...аман болайық, Алаш!

Пікірлер