ОЛЖАС ӘБІЛ: Бақұл болыңдар қос батыр, жандарың жәннаттан болсын

1245

Рас па өтірік пе сенер сенбесімді білмей отырмын.

Досым Аманбике Хайролла қайтыс болды деп жатыр. Құдай сақтасын, төбемнен жай түскендей боп отырмын.

Егер бұл хабар рас болса марқұмның жанын пейіштен қылсын, топырағы торқа болсын деп қайғыра көңіл айтқым келеді.

Мен сырттай байқап жүретінмін, Аманбике талдырмаш қаршадай ғана қазақ қызы болғанымен қайраткерлігі бір басына жететін жан болатын.
Былтыр марқұм Дулат Ағаділ екеуі қол ұстасып алаңда жүрген тін. Митингіде. Оны сол кезде парақшасындағы видеосынан байқап қалған едім.
Сөйтсе, сол кезде жаратушы иеміздің осы қазақтың қайсар екі ұл - қызын биыл да қол ұстасып о дүниеге бірге аттандырмақ ойы болған екен ау...

Сіздер мында "Гүлшара Әбдіхалықова әкім бопты" деп отырсыздар ғой.
Мен үшін, отыз жыл бойы мына билікпен бірге әбден тот басып, осы дарынсыз биліктің қазанында қайнап, өзі де асқан дарынымен ерекшелене қойылмаған, осы іріп - шіріген биліктің кәдуілгі мамандарының бірі,
тыныш қана кезекті үш - төрт жылға әкім боп келіп тымпиып кете қоятын Гүлшаралардан гөрі
Ертеңі үшін алаңдап, халқы үшін шырқырап күрескерлік жолға түскен осы қазақтың қайсар қызы Аманбике артық еді негізі...
Марқұм Дулатты билікте отырған ынсапсыз біраз боққарыннан артық көретінім сияқты, осы қызды да барша гүлшаралардан артық көремін.
Бақұл болыңдар қос батыр, жандарың жәннаттан болсын.

Пікірлер
Редакция таңдауы