БАУЫРЖАН СЕРІКБАЕВ: Офшордан болсын, қалтасынан болсын, шығарсын енді ел үшін

1861
Adyrna.kz Telegram

Індетке қарсы қорға қарапайым халықтан ақша жинаса ұят қой деймін. Алда не болары, қашанға дейін барары белгісіз дүние. Жұмыссыз қалған халық пен жұмысын тоқтатқан шағын және орта бизнес өкілдері бар.

Біздің бар үмітіміз олигархтар мен кедей емес әкім-қараларда болуы керек. Кедей әкім жоқ қой Қазақстанда. Шекараны жауып тастады. Ешқайда кете алмайды. Кемедегінің жаны бір. Офшордан болсын, қалтасынан болсын, шығарсын енді ел үшін. Халықтан сұрауға бет жоқ шығар мұндай жағдайда. Қоғам сақтық шараларын қолданып, той-томалақты тыйса жеткілікті. 30 жылда армансыз бизнесін өркендеткендер реттесін қаржы жағын. Бір күндік айлықты аудару деген бастамалар да мүлде жасалмағаны керек. Жұрттың байларынан үлгі алса тұтас елді алып шығатын деңгейдегі бай-патшалар бар бізде. Алдағы уақытта бір бастамалар көтеріп, қыртып жүрмесін халықтан сұрап.

Пікірлер