Театр тарланы Райымбек Сейтметов

6475
Adyrna.kz Telegram

1938 жылы 2 наурызда Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік және Жастар сыйлықтарының және тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, профессор Райымбек Ноғайбайұлы Сейтметов   дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында туған. Алматы мемлекеттік өнер институтын бітірген. 1970-1971 жылдары Мәскеудегі Мемлекеттік театр өнері институты жанындағы жоғары режиссерлер курсында оқыған. 1959-1960 жылдары - «Қазақфильм» киностудиясының актері. 1960-1980 жылдары - Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, директоры. 1980-82 жылдары Қазақ КСР Мәдениет министрлігі Өнер істері басқармасының бастығы. 1982-1995 жылдары Қазақ мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрының бас режиссері әрі көркемдік жетекшісі болған. 1995 жылдан өмірінің соңына дейін Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Өнер» кафедрасын басқарған. Сахналық өнер жолында Әубәкір (Қ.Байсейітов, Қ.Шаңғытбаев «Беу, қыздар-ай»), Арыстан, Сұңғат (Қ.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында», «Құдағи келіпті»), Қозы (Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»), Әбіш (М.Әуезов, Л.Соболев «Абай»). Шоқан (С.Мұқанов «Шоқан Уәлиханов»), Жайнақ (Ш.Айтматов Ана - Жер-ана»), Кочкарев (Н.Гоголь «Үйлену»), Люченцио, Кассио (У.Шекспир «Асауға тұсау», «Отелло») секілді әр алуан рөлдерді ойнауда орындаушылық шеберлігімен көзге түсті. Ол режиссерлік қызметпен де шұғылданып, Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Б.Майлиннің «Неке қияр», Ә.Таразидің «Жолы болғыш жігіт», Қазақ мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрында Әуезовтің «Алуа», Т.Әбдіковтің «Біз үшеу едік», Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты», Ш.Мұртазаның «Сталинге хат», «Бесеудің хаты», О.Сүлейменов пен Б.Мұқайдың «Заманақыр», т.б. туындыларды қойған.

Театрға өмірін арнаған тұлға 2007 жылы қайтыс болды.

Түркістан қаласындағы сазды-драма театрына 2017 жылы Райымбек Сейтметовтың есімі берілді. Театр ғимаратында 250 адамға арналған көрермен залы мен мұражай бар.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Пікірлер