Ақселеу Сейдімбек. «Бүркіт»

5022
Adyrna.kz Telegram

Аңшылықтың үміт қуанышы көп. Ыстық оттай қызулы минуты көп, мағналы өмір.

Аңшылықта кісіні ақын күйіне жеткізетін сезім күйі көп.

М. Әуезов

Бір нәрсе екі аяқты, сегіз бармақ,

Іліксе дүниенің барын алмақ.

Өзінің тілі бар да, тістері жоқ. Жұтады көрінгенді алмап-жалмап.

(Халық жұмбағы. Шешуі: бүркіт)

Көл-көсір сары даланы сахна еткен ата-бабамыз тек қана малдың тісін күйттеп, ізіне ерумен ғұмыр кешкен жоқ. Көңіл құмарын қандырарлық талай-талай қызықты да таба білген. Сол қызықтың бір ұшығы аңшылыққа да байланысты. Жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр қаршыға, құмай тазы, айлалы сұңқар, болат қақпан, түзу мылтық сияқтылардың қай-қайсысы да өзіндік сырға толы тамашасымен әркімді-ақ еліктіре білген. Жай еліктіру емес, жаны сергек ер жігіттің сенімді серігі, қиындыққа толы өмірлерінің бір мезгілдік арашасындай да болды. Сондықтан да қазақтың тіршілік салтында қысқа күнде қырық алып, қоржын толтырып, «үйірімен үш тоғыз» олжа байландырар ең сүйікті кәсібі осы аңшылық.

Сонымен бірге аңшылық саятшылықтың өзгеше жақсылығы бар. Ол кімді болса да салқын сабырға, жан семіртер көңілділікке баулып, ерік күші мен дене күшінің үндестік табуына ықпал етеді. Бұл ретте атамыз қазақ аңшылықты кәсіп емес, өнер санауында да үлкен мән бар.

Қазақ арасында аңшылықтың кең тараған түрі — аңды бүркітпен аулау, бүркіт ұстап саятшы болу, аңшылыққа ден қойып, салбурынға шығу.

Жұқалау көк тұмсығы келсе жалпақ,

Мелжемді қожыр табан, бұты талтақ,

Көз ауданы шүңірек, кекшіл маңдай,

Кең иық, саны жуан, төсі шалқақ.

БҮРКІТ

Топшысы келсе жоғарылау,

Шалғысы кұйрығына тұрса таяу,

Көкте үшқыр, тұғырда шаңқылы жоқ,

Бір түлкіден басқаға болмаса жау.

Қолыңнан өзі тілеп ұшса самғап,

Құрғатпай қанжығаңды күнде қандап.

Дүниенің бір қызығы — қыран бүркіт,

Алыстан ат терлетіп тапсаң таңдап.

Шегір көз қанды балак қыран бүркіт,

Бозбала қапы калма, малыңды іркіп.

Алпыс екі айлалы түлкіні ұстап,

Байласаң қандай қызық, қарға сілкіп.

Қара тіл, қанжар тұяқ, қанға тоймас,

Қанша керіп тұрса да алмай қоймас.

Шұбар тұяқ жиренді тауып салсаң,

Ердің құнын берсең де басын жоймас.

Лып етіп, етпетінен кетсе зулап,

Тым епті сыпырғаны жер бауырлап.

Жарық етіп жақпар тастан түлкі қашса,

Шап етіп кызды ұстаған бозбала нақ.

Бұлқынып болмаймын деп шайқасқандай.

Сытылып кұтылмақ боп байқасқандай.

 Қараңдап дөң астында жатса басып,

Тар жерде екі ғашык айқасқандай.

Жібермей басып алса жұлқынғанға,

Босатпай бүре түсіп бұлқынғанға.

Бұлтартпай жұмарлап ап илеп жатар,

 Шынымен ынтасы ауып ұмтылғанда.

Көк тұмсық көзге дейін қанға батып,

Үстіне аттай мініп отырғанда..

Көнілге көрмек үшін о да қызық,

Ұксайды қыз бен жігіт қосылғанға.

Абай ақынның айтқаны делінетін бұл өлең Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Жамбыл атындағы кол- хоздың тұрғыны Мекеев Сүлеймен ақсақалдың айтуы бойынша хатқа түсіп отыр. Абай сияқты жақсы-жаманның парқын білетін, тіршіліктің қыр-сырына зерде бойлатқан ұлы ақын қыран құстың қылық-қасиетіне тегін таңданбаса керек. Қандай таңданыс, қаншама сұлу сөз, сүйсінуге толы сезім десеңізші! Аң қызығы аңшылық кәсібі өз алдына, соған қоса небір әдемі дәстүр, сұлу саз, сәтті теңеу қалыптасып, неше түрлі мүліктердің, заттық мұралардың дүниеге келгенін көреміз.

Қазақ арасында жыртқыш кұстардын әр түрін қолға үйрету дәстүрі болған. Солардың ішінде ең бір қасиет тұтатын қыраны — бүркіт.

Бүркіт деп қазақ аңшылары жыртқыш кұстардың ішіндегі аса тектісін, адам қолына тез үйренгіш естісін атаған. Сонымен бірге қайратына сай беттілігі, жүректілігі, қиырдағыны тез сезетін көргіштігі де өзге құстарға карағанда бүркіттің ерекшелігін көрсетеді. Көп ретте кыран бүркіт деп аталуының өзі сол қырағы көрегендігінен, шалымды алғырлығынан болса керек.

Казақстанда бүркіт қясы көбінесе Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Алатау, Көкшетау, Шыңғыс сияқты сілемді тау- ларда, сонымен бірге орманды алқаптарда әсіресе, биік қарағайлы, үйеңкілі жерлерде кездеседі. Қазақ құсбегілерінің қолға түскен бүркітті «ой құсы» немесе «қыр құсы», «таулы жердің құсы» деуі де осыдан.

Таулы жерді мекендейтін бүркіттердің тұлғасы кесек, көлденеңі ауқымды иықты, аңғары (екі аяғының арасы) алшақ, жауырыны сыртқа теуіп, мойын жүні мен балақ жүні салалы бөлып келеді. Тек бітім тұлғасы ғана емес, сыртқы түр түсінде де өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, кыр қүсының жүні қара барқын тартып, бойындағы ақ теңбілдері ерекшелене, айқын көрінеді. Әсіресе, екі иығы мен құйрығының ағы мол болатындықтан көзге ұрып тұрады.

Ал ой кұсы өзінің ықшам, жинақылығымен көз тартады. Жапырақтары сүйірлене жымдасып, жалпы түр-түсі сары бұйра мәрмәрдай мінсіз керінеді. Егер оның таранып сыланғаннан кейінгі тұғырдағы сабырлы кейпіне зер сал- саңыз шебер мүсіншінің қолынан шыққандай ғаламат бір мінсіз түлғаны көрер едіңіз. Тек қана ақаусыз сұлулық емес, сонысына үндес ұлы сабыр мен жалтақсыз жігерді, тек өзіне ғана жарасатын паңдықты көрер едіңіз. Ой кұсы денесінің ықшам, жеңіл бітуі далалы, орманды жерлерге бейімделген болса керек.

Қазақ құсбегілері ұстаған бүркіттердің «Алтайдың ақиығы», «Қарағайдың қызылбалақ сарысы» немесе «Қанішер қара», «Түменнің сары құсы» деп атауы да жаңағыдай мекен-жайына қарай қалыптасқан бітім ерекшеліктерінен туған. Тау бүркіттері ұясын биік кұзға, қанаттыдан басқаның өресі жетпейтін жалтыр беттегі кемерге салады. Ой бүркіттері биік қарағай, үйеңкі, кейде сексеуілдің де басын ұялай береді. Ал үнгір, ін, өзеннің жар қабағы сияқты арзан орындарды сірә да мекен етпейді. Мекен ету былай тұрсын, қанат бүгіп аялдамайды да.

Бүркіт ұясы ірі шөмшектерден салынғандықтан ұя ортасына ши, өлеңшөп төсесе де жайсыздау болады. Ұя көлемі бір жарым, екі метр болып келеді.

Бүркіт ұя басарында таулы жер болсын, орманды жер болсын араларын бір, бір жарым шақырымнан бірнеше ұя салады. Кейін жұмыртқалар шағында солардың бірін ғана мекен етеді де, артық қалған ұялар аталық, шәулі бүркіттің еншісіне, иелігіне тиеді. Балапаны қара қанат болып, ұшуға баулынған шақта әлгі ұяларды бірінен соң бірін жаңа өріс, жайлы қоныс етеді.

Бүркіт жұмыртқасының түсі ақшыл болады. Ұзыны — 59-71 миллиметр, салмағы 95-100 грамм тартады.

Бүркіт балапаны бір жарым ай жұмыртқада, екі ай бес күн, екі ай он күн ұяда болып, тамыз айының ортасына қарай ұядан ұша бастайды. Осыдан қыркүйек, қазан бойы шәуілі мен ұябасардың баулуымен жүреді де, онан әрі өз бетімен аң ұстап жеуге жарайды. Қазақ құсбегілерінің дәстүрінде сары ауыз балапан кезінен қолға түсіп, дұрыс бап көрген бүркіттер (оны «қол бала» деп атайды) қаңтар, ақпан айларында түлкі алуға шамасы келеді.

Түз қыранын қолға түсірудің қазақ құсбегілері арасында әр түрлі әдісі белгілі.

Олар: аумен ұстау, тор жаю, тояттатып алып тұтқиылдан басып қалу, шеңгелдестіру, ұядан алу.

Аумен ұстау үшін көзі кең, биязы жіпті торды елсіз далаға кұрады. Ол үшіи қабықталған бес-алты талды жерге әлсіздеу қазып, тормен қоршайды да, ау ортасына мықтап қазық қағады. Қазыққа тірі түлкі немесе қоян, кейде бір-екі тауық байлайды. Қиядан көріп, құдия түскен бүркіт төбесі ашық тордан еш уақытта тік көтеріліп ұшпайды. Жүгіре көтеріліп ұшамын дегенде торға оралады.

Тор жаю әдісі көбіне қыс айларында қар түскен соң қолданылады. Ол үшін қар түстес ақ шаңқан торды қар үстінен бір метрге жуық биіктікте кере кұрады да, астына тірі түлкі немесе қоян байлайды. Бұған сорғалап түскен қыран аяғын торға шалып алады. Солқылдақ тор бүркіттің аяқтіреп, серпіле ұшуына кедергі жасайды.

Тояттатып ұстау үшін түз тағысының аңға түскен немесе жас жемтікке қонған сәтін аңду керек. Ол үшін ілкімді, ұшқыр атқа мініп, әбден мелдектеп тойған бүркітке ең ұрымтал деген иек артпадан тұтқиылда қосылып береді. Күн желтен болса жел жағынан шықса, тойған құс ыққа қарай жүгіргенде бөтегесімен жер соғып, көтеріліп кете алмайды. Ұшқыр атпен төніп келген бетте құс үстіне шапан сияқты киімді жаба салу керек.

Ал шеңгелдестіру үшін қол құсын, қолға үйренген бүркітті түз қыранына салады. Ол үшін қол кұсының балақ бауына түлкінің жон терісін, немесе бір санын қызарта байлап қоя береді. Әрине, түз кұсының бойын көріп ба рып жіберу керек. Сонда үй құсы өз тектесімен жұптасып ұшуды аңсап көтерілсе, түз қүсы оның аяғындағы жемге кұдияды. Мұндай жағдайда қос бүркіт сөз жоқ шеңгелдесіп жерге түседі.

Бүркітті ұядан ұстау үшін аңшының көп еңбегі, әдісқойлығы, ептілігі қажет. Ол үшін құстың мекен-жайын, қонатын мезгілін әбден бақылап алып, тор, тұзақ, шаппасына киіз салған қақпан тағы да баска әдістер арқылы қолға түсіреді. Ұясынан ұстамай, тор, тұзақ құрып немесе басқаша айла тәсілмен ұстаған ересек бүркітті кез келген адам үйрете алмайды. Түзден ұстаған құсты үйрететін адам кұстың сырына қанық, ерекше шыдамды, ерінбейтін ерік күштің иесі болу керек. Түз құсын қолға түсісімен томаға кигізбей үйретуге болмайды. Томаға кигізген соң да екі-үш күн ұйықтамай қарсылық көрсететін қиқарлығы болады. Ондайда ырғаққа (тербелмелі әткеншек етіп байланған жұмыр ағаш) отырғызып, ұйықтатпай жеңіп үйретеді. Яғни екі күн болсын, үш күн болсын кұс қарсылығын қойғанша қажымай бірге болған абзал. Соның бәріне үнемі сылап-сипап, жанасып, ерекше ықылас көрсете, дыбыс шығарып отырған жөн. Мәселен, еркелеткенде «бопым-бопым» десе, шақырғанда «па-па» немесе «кеу-кеу» деп үйретеді қазақ қүсбегілері.

Құс әрі ұйқыдан, әрі аштықтан шаршап, қажыған шақта қарсылығы азайып тыныштала бастайды. Сипаса да жақтыртпай, қозғалақтап, ысылдап, сақылдауын қояды. Осы шақта жемді қолдан беріп үйретудің де пайдасы көп. Құстың алғашқыда өздігінен етке ұмтылмайтын әдеті болады, ондайда бір жапырак етке қант бүркіп, асатып жіберсе үйреніп кетуі оп-оңай. Бапкер, аңсақ, саятшы құсбегілер қолға түскен құсты түн ортасында тұрып айналып-толғанып ықылас көрсетіп, сылап-сипап кайтады. Бүркіттің иесіне әбден бауыр басуы үшін мұндай ықылас кажет-ақ. Қалың тобыр ішінен иесінің дауысын танып томағалы бүркіттің шаңқылдап коя беруі осындай еңбектің нәтижесі болса керек. Бүркіт иесінің қолынан жем жеуге үйренген соң алыста тұрып жем көрсетіп, шақы-рып, қолына қонуға баулиды. Мұның бәрі құстың атқа да, адамға да үйірсек болуына әрі шынығуына бірден-бір себеп.

Баулу кездерінде аяғына байланған ұзын жеңіл шыжым жіптің болғаны абзал. Қазақ құсбегілері бұлай баулуды шырғаға тарту деп атайды. Ерінбей-жалықпай шырғаға көп тартқан бүркіттің қанат кұйрығы берік талмай ұшатын болып жетіледі. Мұнан соң далбайға түсіріп үйретеді. Далбайға түсіру деп тұлып етіп сойылған аң терісінің (көбінесе, түлкі терісі) үстінен жем алғызуды айтады. Жемді аң терісінің кез келген жеріне қоя салмай, бас жағына тығып, екі көзінен болар-болмас қызартып көрсетіп қою керек.

Бүркіт сонда күш жұмсап суырып жейді. Бұған үйренген шақта тұлыпқа ұзын жіп байлап сүйретеді де, бүркітті ат үстінде ұстап тұрып көрсетеді. Егер кұс томағасын сыпырғанда далбай тұлыпқа талпынып, лап қойса әрі қарай сүйретпей тастай салу керек. Сол жерде далбайдағы қант бүркілген тәтті етті бір-екі рет қақшыткан жөн. Мұнан сон құсты қолға алып томағасын кигізеді де, атқа мініп сүйретпе далбайды тағы да көрсетеді. Осылайша қайталай берудің еш зияны жоқ. Бүркіттің аңға үш түрлі түсетіні бар. Бірі — шаншыла, екіншісі — сыпыра, үшіншісі іліп түседі. Осы үшеуінің ішінде іліп түсуге дағдыланған жақсы. Себебі, шаншыла түскен күс бірде болмаса бірде жерге соғылып («жер соғып қалу» деген тіркес осыдан шыққан), мерт болуы мүмкін. Ал сыпыра түскен кұс ағынын тоқтата алмай тегеурінін (жембасар үш саусағына қарсы орналасқан артқы жалғыз саусақ) алдырып алады. Іліп түсуге қалыптастыру үшін сүйретіп келе жатқан далбайға қүс аяғы тиісімен тастай салу керек. Егер әрі қарай кызықтыру мақсатымен сүйрете берсеңіз сыпыра түсуді әдет етеді. Ал далбайды тіптен сүйретпей көрсетсеңіз, қимылсыз «аңға» көктегі кұстың шаншылып түсуі әдетке айналады.

Бүркітті шын аңға салмас бүрын өре салынып, ауызы тұмылдырықталған тірі түлкіге түсіріп көрудің де пайдасы мол. Мұны күсбегілер тілінде «тірілету» деп айтады. Тірі түлкіге қаймықпай түскен бүркіттің аң алуға үйренгені. Бұл сияқты бүркітті баулу әдістерінің қай-қайсысына кіріскенде, тіпті аңға салғанда да қолдағы құсты аш ұстаған жөн. Қазақ қүсбегілерінің «ит иесі үшін, бүркіт тамағы үшін алады» деуі көп жылғы тәжірибесінің қорытындысынан түйген әділ сөз.

Құсбегілер қолындағы бүркітін аңға салу үшін мамыр, маусым айларынан бастап баптайды. Алдымен қансоқта, қызыл сияқты маңызды тамақ беріп, түлету үшін семіртеді. Бұл кезді қызылға отырғызу немесе түлету деп айтады. Құс түлегі бапты болса, аз күнде-ақ бой жүні сүзіліп, сылаланып сала береді. Ал түлек бапсыз, тамағы қуатсыз немесе мазасы болмаса құстың бой жүні жымдаспай қобырап, қауырсындары бунақталып дұрыс жетілмейді. Бүркіттің түлегі біткенде бой жүні таралып, қанат қүйрығы бекем жинақы болып жетіледі. Осы кезде қайтадан арықтатып (күрт арықтатпау керек) шырғаға тартады. Ұшырып жемдейді. Бұл жаңа шыққан қауырсындарының жетілуіне топшысының берік болып шынығуына себепші. Мұнан әрі бүркітті сарытап етіп, орташа етінде ұстаған жөн.

Бүркіттің екі жылда бір дене жүнін, үшінші жыл дегенде жал-құйрығын (қанат-құйрығын) түлетелі. Бой жүнін түлету үшін қатты семіртсе жетіп жатыр. Дүр-дүр сілкінгенде жапырақтары төгіліп, түсіп қалады. Кейбір құсбегілер бой жүнін түлету үшін жылқының тамақ безін қымызға ашытып жегізеді. Бұл құстың денсаулығына жақсы емес.

Қанат-құйрығын түлету үшін өткір бәкімен ірі қауыр- сындарының тым түбіне жуықтатпай қырқып тастайды. Мұнан соң қауырсындардың қуыс өзегіне бөрттірген бидай немесе күкірт тығып бергі жағын мақтамен бекіте салады. Сонда бір жұмадан қалмай қүстың ірі қауырсындары түсіп қалады да, оның орнына мұқалмаған көк болат семсердей жаңа қауырсын бітеді.

Қазақ құсбегілерінің қолындағы құсты тиісті бап, күйіне қарай ашықтыруы, қоялатуы (құстыру), шаятыны (ішін жүргізу) болады. Қоялату үшін бармақтай ақ киізді әбден жуып тазартып майға орап асатып жіберсе, аздан соң ішіндегі бар нәжісті құстырып, бірге түседі. Ал ішін шайып, ашықтыру үшін тырна жілігінен жасалған түтіктеп бір-екі рет кызыл шай жұтқызса жетіп жатыр.

Құсбегілерден «қайыру» деген сөзді жиі естиміз. Бұл сөз құсты әр кезде әр түрлі бапта ұстау үшін оған берілетін та- мағына байланысты айтылады. Мәселен, құсбегі қолындағы бүркітін қайырып, қалаған бір бабына келтіру үшін мына сияқты жемнің түрлері беріледі:

Қансоқта — өлген аңнын немесе малдың туралмаған, қаны сорғалаған кесек еті.

Қызыл — құстың қылғып қақшуына оңтайланып туралған қызыл ет. Мұның да қан-сөлі өзінде болады.

Тартпа — малдың немесе аңның желкесі, толарсағы, шандыры сияқты құнары аз сіңірлі жерлері.

Сарбөртпе — туралған соң, екі-үш рет шүберектей болғ- анша суға шайып, сығымдап, бар маңызынан айырған ет.

Тоят — құс өзі алған аңның таңын іреп, тілін суырып немесе ыстык өкпесі мен жылы майын ойып жесе, соны күс тояттады дейді.

Үрген өкпе немесе боз өкпе — сойылған малдың, яки, аңның өкпесіне пышақ тигізбей кеңірдегімен қоса алып үріп қояды. Сонда өкпе маңызынан айырылып, қүсты белгілі күйге түсіретін жем болып шығады.

Құсбегілер қолындағы құстың жай күйін тамыршыдай бағып отырады да қажет болса бүркітке «ақжем» мен «бозөкпені» жүдету үшін, «тартпаны» шынықтыру үшін, «қансоқта» мен «қызылды» семірту үшін береді. Ал «сарбортпені» құсты бір калыпта ұстау үшін береді. Мұны қазақ «ойтамақ» деп те айтады.

Бүркітті шошымалды етпей дұрыс баптап қолға тез көндіктірудің бір шарты оған қажетті мүліктердің дұрыс жасалуынан да. Олардың атаулары мынадай:

Тұғыр — бүркіттің құйрығы жерге тимейтіндей етіп жасалған ағаш сәкі. Қазақта бүркіт тұғырын алтынмен аптап, күміспен күптеп өнер туындысындай етіп әшекейлеу дәстүрі де болған. Тұғырды шеберліктеріне карай әр түрлі етіп жасай береді.

Томаға — құстың көзін жауып тұру үшін былғарыдан қос сай, үш сай немесе төрт сай етіп тігетін бас киім. Бүркіт аяғымен қағып түсірмес үшін томағаға шырт етпемен бекітілген тамақ бау тағылады. Шытыра қадап, үкілеген то- маға қүсқа ерекше бір көрік береді. Томағасыз құс мазасыз болады.

Балақ бау — колға түскен құстың аяғын қатты қыспай- тындай етіп киізден сақина тігеді де, оның сыртын былға- рымен қаптайды. Сол былғарыға ұзындығы екі сүйемдей

ғана қайыс таспа немесе шыжым жіп тағып ұшына жеңіл шығыршық өткізеді. Балақбау, біріншіден, қолдағы құсты тұқырта ұстап, орнықты отырғызу үшін керек. Екіншіден, тұғырда мазасыз болмау үшін, үшіншіден, желі бауды өткізу үшін қажет.

Желі бау — балақ баудың қос шығыршығынан өткізетін, басында түйін тығырығы бар шыжым жіп. Желі бау құсты шырғаға тартқанда немесе қолға жаңадан түскен бүркітті баулығанда кажет.

Бүркіт қолғап немесе биялай — жұмсақ етіп уаланған қасқыр терісінен үш саусақ етіп астар салып тіккен қолғап.

Бүркіт құндақ немесе бөлеу — талды бауырлап шабады да, дөңгелете иіп отырып екі басын біріктіреді. Сонан соң шеңбердің ішіне жиі етіп күлдіреуіш салады. Бұл кішкентай, ойыншық шаңыраққа ұқсайды. Мұнан әрі пішіп отырып дөп-дөңгелек көрпеше тігеді де, шеңбердің екі жеріне бала бесігінің тартпасына ұқсас тартпа тағады. Әдетте күнімен аңға салынған құстың қуаты азайып, кешкі салқынға шыдамай кұрылдайтын кездері болады. Сондай шақта бүркіттің аяғын бауырына алғызып, бөлеуге байлап жүріп кетсе дәнеңе де етпейді.

Бүркіт балдақ немесе қөлдық — құсбегінің құсы қонып отырған қолы талмас үшін сүйеп отыратын аша ауыз ағаш. Бүркіт балдақтың бір жағына бүлдірге таңылады да, ер-тоқым- ның алдыңғы қапталынан өткен шеттікпен байластырады.

Сапты аяқ — қысқа ғана сабы бар, жайпақ келген ағаш ыдыс.

Түтік немесс шүмек — құстың ішін шаю үшін, су беру үшін тырна жілігінен немесе ағаштан бір басын жайпақ ауызды етіп жасаған түтік.

Мінеки, кұсқа кажетті мүліктердің негізгілері осылар.

Қазақ құсбегілері қолындағы құстың мекен-жайына, мінезіне, әлсіздік-күштілігіне, ұшқарлық-алғырлығына, сырт бітіміне қарай ат кояды. Мәселен, «Ақшегір», «Күйшіл», «Күңтабан», «Шүңірек», «Кекшіл», «Садақсан», «Ақиық», «Қанды балақ», «Сабалақ», «Шәулі», «Сарсүмбі»т.б. Бұларды құстың тегіне қарай койылған аты дейді.

Кейде құстың атына тәрбие-бап көріп, бауыр басқан иесінің есімі де қоса аталады. Мәселен «Тулақтың шолағы» (бұл кұсты Абай ақын бес құлынды бие беріп алған екен), «Тінекейдің сары құсы», «Жаяу Мұсаның көк дойыны», «Мәтімұсаның он үш құйрығы», «Шайманның сұршолағы», «Жабайдың қара шегірі» тағы басқалары.

Қазақ құсбегілері бүркіт атын жасымен де атайлы. Жа- сына қарай бүркіт былай аталады: бір жас — балапан кұсекі жас — қан түбіт, үш жас — тірнек, төрт жас — тас түлек, бес жас — мұзбалақ, алты жас — көк түбіт, жеті жас — қана, сегіз жас — жана, тоғыз жас — май түбіт, он жас — барқын, он бір жас — баршын, он екі жас — шөгел, осылайша он бес, жиырма жасқа дейін атала береді.

Қазақ аңшылары жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр тазы, болат қақпанын, қыл тұзақ, жібек торын сақадай сай етіп, айлап-апталап аңшылык құруды «салбурын» деп атайды. Салбурынға қатысқандар жасына, атағына, ақылына, бай- лығына, біліміне қарамай міндетті түрде бүркіт иесі құсбе- гіге бағынады.

Кұсбегі салбурынға қатысушыларды алдын ала беске бөліп топтайды.

Бірінші, тұрғышылар — бүркіт ұстап биікте тұрушылар.

Екінші, қағушылар —аң жүретін жерді тінте сүзіп қуып шығушылар.

Үшінші, тосқауылшылар — қашқан аңды ін қорымнан, таулы-тастақты жерлерден қайтарып, жасқап түру үшін жолын тосушылар.

Төртінші, ізшілер — аңды ізіне түсіп жүріп, бойын көрушілер.

Бесінші, қызылшы немесе бақыршылар — қоста калып ас әзірлеушілер немесе союшылар.

Мінеки, «Ақтер жақсы болса, ойнайтын рөлдің жаманы жоқ» дегенлей-ақ бұл топтың қай-кайсысы болса да үлкен іскерлікті сезімталдықты, төзімділікті, сабырды, ұй- ымшылдықты кажет етеді.

Дұрыс баулынып, жақсы бап көрген бүркіт түлкі, қарсак, қоян алады. Ал кейбір өжет қырандар қасқыр, киік, арқарға да түседі.

Ұя басар бүркіттің салмағы бес, бес жарым килограмм, еркегі төрт, төрт жарым килограмм болады. Екі шалғылығы- ның (екі қанаты) аралығы екі-екі жарым метр болып кезде- седі. Ұя басар қүс денелілеу, ашулы, күші де басым келеді.

Ғылыми деректерде бүркіт 100—150 жыл жасайды дейді. Ал қазақ кұсбегілері көбінесе он бес — жиырма жыл салған құсты сөз етеді.

Мінеки, бүркіт туралы көріп-білген, оқып-түйген, азын- аулақ мағлұматтарымыз осындай.

Ақселеу СЕЙДІМБЕК

Ұлт.кз

Пікірлер