Министр әлеуметтік желідегі жалған ақпараттарға сенбеуді сұрады

4121
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желілерде және WhatsApp мессенджерінде коронавирустың таралуына байланысты тарап кеткен  ақпаратқа қатысты  Үкіметте шұғыл отырыс өтті.

WhatsApp мессенджерінде «ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР-да коронавирустың таралуын жоққа шығармайды. Осыған орай  оқушылар мен студенттерді демалысқа жіберу жоспарланып отыр. Қоғамдық көліктерге тексеру жүргізіліп, барлық қоғамдық іс-шаралар алынып тасталады және 2 наурыздан бастап барлық мемлекеттік органдар қатаң тәртіпке көшеді»,-деген хабарлама тараған болатын.

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі «бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді» деп ресми хабарлайды.

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды. Құрметті азаматтар, әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттарға сенбеуді сұраймын. Тек ресми дереккөздерге ғана сену керек. Барлық нақты ақпаратты Сіз ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ДСМ тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің ресми сайтынан және Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook және Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінен біле ала аласыздар", - деп хабарлады аталмыш ведомство.

Пікірлер