Бірінші орта салмақта WBC Азия және WBC Youth World белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтің (11-0, 10 КО) кезекті жекпе-жегі кейінге шегерілді. Бұл жайында Prosports.kz хабарлады.
Бұл туралы боксшы Instagram желісінде хабарлады.
«Қазақ сарбазының» 12 наурыз күні Монреальда (Канада) өтеді деп жоспарланған жекпе-жегі кейінге қалдырылды. Бұған спортшының жарақат алып қалуы себеп болған.
- Өкіншіке орай 12 наурызға жоспарланған жекпе-жек кішігірім жарақатыма байланысты кейінге шегерілді. Алла қаласа кездесуді келесі айға жоспарлауымыз мүмкін, - деп жазды боксшы.
Айта кетейік, Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегінде аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты (12-6-2, 7 КО) 7-раундта нокаутпен жеңген болатын.