Қолдобы құлашын жаюда

6982
Adyrna.kz Telegram

(  "ІЛЕ" гандбол командасының алдағы мақсаты)

Гандбол- олимпиадалық спорт түрі болғандықтан ,бұл спорт түрін дамыту өңірлерде дұрыс жолға қойылып келеді. Алдымен осы қолдобы спортының шығу  тарихы туралы аз-кем тоқтала кетсек. Бұл спорт түрінің пайда болу уақыты 1898 жыл деп есептеледі, бұл спорт ойының дене шынықтыру мұғалімі Хольгер Нильсен ойлап тапты. Гандбол - 7-ге 7 ойыншыдан ойналатын топтық ойын, допты қолмен ғана ойнайды. Ойынның басты мақсаты - мүмкіндігінше қарсылас топтың қақпасына көбірек доп лақтыру. Ойын жабық алаңда өтеді, бұл алаң тіктөртбұрыш секілді болып келеді, және де бұл аланның ұзындығы 40м ал ені болса 20м. Гандбол добы таза теріден және синтетикалық материалдан жасалады. Ол домалақ және тайғанамайтын, жылтырап тұратын болмау қажет. Гандбол добы әр жастаға балаларға арналған 3 өлшемі бар.Гандбол тұңғыш рет 1936 жылы Берлинде өткен олимпиада ойындарының бағдарламасына кірді.11ойыншыдан тұратын жарыстар Германия, АҚШ, Австрия, Швейцария, Румыния секілді 6 команда қатысқан болатын. Гандбол үшін алғашқы олимпиада ойындарының жарысында неміс құрамасы жеңіске жетті. Ал, әйелдер арасында гандболдан өткен   тұңғыш олимпиада 1976 жылы Монреалда өткен олимпиада ойындарына қосылған еді. Бұл сында Кеңестер Одағының құрама командасы алтын жүлдені жеңіп алды.Олар бұл жеңісін 1980 жылы Мәскеуден өткен олимпиада ойындарында қайталады. Ілгереді бұл ойынды 11 ойыншымен ойнайтын болса, 1946 жылдан бастап гандбол 7х7 форматы бойынша жаңа ойын ережесімен ойналатын болған.

Ал, Қазақстанға гандбол 1992 жылы келді десе болады. ҚР Федерациясы құрылып, 2009-2011 жылдары тұғңышы рет жастар мен ересек қыздар арасында 3 кезеңдік аймақтық, континентальдық финалдық турнирі –халықаралық гандбол федерациясының «Ауыспалы трофей ХГФ» болып өтті. Қазақстан құрамасының гандболдан жеткен үлкен жетістігі ол 2010 жылы Азия чемпионатында айтулы ауыспалы торофей жүлдесІнің күміс медальдарын жеңіп алған еді. Ал, биылға Жапонияда өткелі отырған 32-ші жазғы Токио олимпиада ойындары таяп қалды. Шіркін осындайда гандболдан біздің қазақстан құрамасының ерлер мен әйелдер командаларының бірі, алдағы олимпиада ойындарына жолдама алса деп армандайтын жанкүйрелер жетеді. Дегеніменде, уақыт бәріне төреші. Алдымен еліміздегі қолдбын спорт дамыта отырып, халықарлық, әлемдік жарыстарда жүлделі орыннан көрінудің маңызы зор екенін жақсы білеміз. Қазақстанда бұл спорт түрінің қарқынды дамуына гандбол федерациясының әр жылдардағы басшылары  Е.А. Әміржанов, Б.М.Сапарбаевтар мен гандболдан ҚР гандбол федерациясының құрметті президентті Тұрлыханова Гүлнәр Ысмағұлқызы өлшеусіз үлес қосты деуге болады.

Гүлнәр Ысмағұлқызының жетекшілігімен өткізген соңғы он жыл ішінде қазақстанның қыздар құрама командасы көптеген халықарылық, азиялық жарыстарда жеңімпаз атанып жүлделі орындардан түскен емес. Сонымен бірге, үш рет әлем чемпионатына тікелей жолдаманы жеңіп алды. Ал, 2008 жылы Бейжің олимпидасына қатысқан әлемдегі 12 үздік команданың қатарынан көріне білді. Міне, қазақстанда гандболдың өсу, даму қарқыны осы жылдар ішінде  бір сәтте те баяулаған емес. Оның басты себебі, өңірлерде бұл спорт түріне қызығушылық біртіндеп білікті мамандардың белсенді жұмыстарының арқасында сәтті жалғасын тауып келеді. Айталық, бүгінгі таңда қыздар арасында Алматы облысының құрама командасының негізін құраушы ,,Іле’’ гандбол командасының талантты ойыншылары тамаша ойын өрнектерімен ел чемпионатында көзге түсуде.

Негізі, қандай спорт түрі болмасын, шын беріліп, жағдай жасалғанда ғана нәтиже болатыныны белгілі. ,,Іле’’ гандбол командасының жарқын қадамдары осы спорт түрін жақсы көріп, жаны ашитын шын берілген басшылық пен өз ісінің берілген білікті бапкерлердің  жұмысының нәтижесі арқылы жемісін беруде деуге келетін сияқты. Мысалы, ,,Іле’’ гандбол командасына жетекшілік етіп отырған Алматы облысы Деншынықтыру және спорт басқармасы,гандболдан мамандандырылған №12 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Дархан Ашировтың белсенді жұмысының нәтижесінде айтулы мектептің ұл-қыздары тамаша жетістіктерге жетіп келеді. Білікті басшы,танымал спортшы өзге саладан емес, спорттың қазанында қайнап,тәжірибесі толыққан жас маман. Гандбол спорт түріне бар ынтасымен берілгендігі соншалақты команданы әрбір жарысқа өзі бастап апарып, қыздарының ойынға жан-жақты дайындықпен шыңдалуын қадағалап, зор үлесін қосып жүр. Кезінде бокстан әлем чемпионатында  ел қоржынына олжа салған дарынды былғары қолғап шебері, өз жиған тәжірбиесін өңірдегі қол добының дамуына салған екен. Ия, спорт десе ішкен асын жерге қоятын жанның өз ісіне адалдығы, шеберлігі, жасап жатқан жұмыстарынан көрінгендей.

Қазіргі таңда, ,,Іле’’ гандбол командасының қатары талантты арулармен толыға түскен екен. Сонымен қатар, тәжірбиесі жоғары мамандарды жан-жақтан командаға тарту бас қатыратын шару екені анық. Бапкерге бар жағдай жасалғанда ғана жұмысына тыңғылықты кірісетіні беліглі. Айлығы шайлығына жетпесе қандай бапкер болмасын өз ісіне құлықсыз қарайтыны бесенеден белгілі. Осындай күрмеулі мәселелерді білікті басшылық түйінін тарқатып шешімін тауып берген екен. «Қазанға не салмаң-шөмішіңе сол ілінер»-демекші, гандболдың дамуына бар жағдай туғызып, шапқылап жүрген Дархан сынды жанашыр азаматтың белсенді тірлігі күн санап  біліне бастағандай. Мысалы, білікті мамандарды командаға әкелу арқылы үлкен нәтиже күтуге болатынын білген білікті маман ол жағында мұқият қарастыра біліген екен.

Айталық, ҚР спорт шебері, гандболдың іздесең таба алмас мамандары: Евгений Шишкин, Александр Красильников, Байғабылова Зарина мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Ирина Александрова, Нұржаубаева Анастасия және Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері Кефер Наталья сияқты өз ісіне ұқыпты, білгір мамандардың ұжымға келіп қосылуы өз нәтижесін бере бастапты. Өйткені, әрбір салада білікті өз маманы болмай белгілі бір нәтиже жету мүмкін емес екені жақсы білеміз.Сондықтанда, осындай иглікті қадамдар көпке үлгі болса жарар еді. Алматы облысы Денешынықтыру және спорт басқарамасының қолдауымен гандбол федерациясы 2017 жылы құрылған болатын. Содан бергі бұл спорт түрінен гандболдан ,,Іле’’ жастар мен жасөспірімдер командаларының шыққан  белестері көңіл қуантады.

Мысалы, 2018 ж Іле ауданы Өтеген кентінде 2003 жылғы қыздар арасында өткен респбулика біріншілігінде топжарып бірінші орынды жеңіп алса, 2019ж Қостанай қаласында 2002ж қыздар арасында өткен Қазақстан чемпионатында жүлделі 2 орынды иеленеген екен. Сонымен бірге, ұлдар да қыздардың тамаша жетістігінен артта қалуда намыс көріп, Ридер қаласында өткен ел біріншілігінде қола жүлдені жеңіп алады. ,,Іле’’ гандбол командасы халықаралық деңгейде де жеңістің бас тұғырынан көріне білген. Өзбекстанның Наманган қаласында гандболдан «Тәуелсіздік кубогі»-үшін өткен халықаралық сында жеңімпаз атанып, Қазақстанның абыройын бір көтеріп тастады. Бүгінгі таңда Алматы облысының Алакөл, Панфилов, Райымбек, Қарасай, Еңбекші қазақ,Талғар, және Қарасай аудандарында гандболдан бөлімшелер ашылған.Ол гандбол филиалдары жалпы білім беретін мектептердің базасында жұмыс істеп келеді. Бүгінгі күні жасөпірімдердің гандбол спортына келуі, қызығушылығы арта түсуде. Өйткені, қолдобы спорты нағыз тер төгіп, шеберлікті паш ететін олимпиадалық спорт ойыны.  ,,Іле’’ гандбол командасы қазірге кезде ұлттық құрамаға өз таланттарын даярлап беріп отырған берекелі ұстаханға айналуда. Айтулы спорт мектебінің 3 бірдей бұрымдылары Қазақстан Ұлттық құрама командасының сапында өнер көрсетеді. Алматы облысы Денешынқтыру және спорт басқармасының қолдауымен талантты қыздар жастар арасында Азия чемпионатына қатысып, 4 орынға қол жеткізген екен. Мұның өзін үлкен жетістік деп бағалауға болады. Өйткені,еуропада, әлемде өткен ғасырдың аяғынан бастап бастау алған айтулы спорт түрі, біздің елде тәуелсіздігімізді алғалы бері еңсесін тік көтеріп енді ғана қарқынды даму үстінде. Алдымен ауыл-аймақтағы осындай олимпадалық спорт түрін кеңінен насихаттау бүгінгі күні ерекше қолдау алуда. Ауыл қазақтың күре тамыры, алтын бесігі-десек, ауыл таланттарын аршып шығарып, ұлы додағы даярлап қосу, ел спортының болашағы үшін маңызы зор. Осы бағытта Алматы облысы Денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы, олимпиаданың күміс жүлдегері, жаста болса бас болып өңір спортының дамуына, жаңа серпін әкеліп зор үлесін қосып жатқан Нұрбақыт Теңізбаев үшін  бұқаралық спортпен қоса гандбол секілді олимпиадалық спорт түрлерін елді мекендерде көтеру уақыт күттірмейтін жоталы мәселе болып отыр. «Бұлақ көрсең көзін аш»-демекші, ел ішінде талантты жастар жетерлік.Тек сол көзінде оты бар, сүйікті спортына деген сүйспеншілігі жоғары, талантты ұл-қыздарды тани білу бапкерге үлкен сын. Ол үшін, ауданаралық-облыстық жарыстарды жиі өткізу арқылы үздіктерді анықтауға болады. Қазіргі кезде облыстағы әрбір спорт саласына бойында жалына бар, өз ісінің жас мамандарын тарту мәселесін қолға алған Нұрбақыт Теңізбаевтың іргелі істері өз жемісін беріп келеді. Әсіресе жастардың спортқа деген құмарлықтары өсіп, талантты жастардың тасада қалмауына бар жағдай жасалынуда. Сондай-ақ, олимпиадалық спорт түріндегі алар орны ерекше қолдобы спорты да айырықша дамып, қарқын алып келеді. Бұл спорт түріне облыс тарапынан үлкен қаржы бөлініп, білікті бапкерлер шақылуда.

Ия, қолдау, көмек болған жерде, табыста жайлап келе берітіні анық. Бүгінгі күні ,,Іле’’ гандбол командасының алға қойған басты мақсаты, ел біріншілігінде топжарып, ұлттық құрамаға өз таланттарының қатарын көптеп қосу арқылы, ел чемпионатында қара үзіп алға шыға екені анық білінеді.  Айтулы  гандбол спорт мектебінің қабырғасынан ұшып шығып, ұлттық құраманың жейдесін киген дарынды жастардың арманы әрине Азия, Еуропа,Әлем жарыстарында табысты өнер көрсетіп, қазақстанның намысын қорғау болып табыларында сөз жоқ. Барлық жол Парижге апарады-демекші, Олимпиада асуын бағындыратын күнде неге армандамасқа.

«Армансыз адам- қанатсыз құспен тең»-дегендей, Токио олимпидасына бармасақта ,алдағы бір онжылдықта гандболдан қазақстан құрамасы олимпида сайыстарында да бір аламан ойындарды көрсетер деген үмітімізді үкіліп қойсақ артықтығы болмас. Ендеше, ұлттық құраманың деңгей нығайса, еліміздің де абыройы асқақтай түсетіні мәлім. Сондықтанда қазақстанның әр өңірінде жоғарыда айтқан ,,Іле’’ гандбол командасы секілді шеберліктері ұйысқан ұжымдардың көптеп қалыптасуын тілейміз. Ел ішіндегі таланттарға жол ашып, табысты ойын көрестуге оқталған ,,Іле’’ гандбол командасының алар асулары әлі алда деп білеміз.

Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер