Прокуротура: Дулат Ағаділдің денесінен ешқандай жарақат анықталған жоқ

6545
Adyrna.kz Telegram

Елорданың уақытша ұстау изоляторында көз жұмған Дулат Ағаділдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Бұл туралы бүгін қалалық прокуратурадан мәлімдеді деп хабарлайды adyrna.kz.

«25 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Ағаділдің көз жұму жағдайы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Дәл сол күні барлық мән-жайды зерттеудің шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық іс Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасының арнайы прокурорларының өндірісіне қабылданды», - деп хабарлады.

Атап өтілгендей, көз жұмған Д.Ағаділдің отбасының адвокаты берген өтініш бойынша 26 ақпан күні өздері (отбасының) шақырған жеке сот сарапшыларының (А. Ақанбеков, Р.Сатыбалдиев) қатысуымен марқұмның денесіне зерттеу жүргізілген. «Оның нәтижесі бойынша, жұмылдырылған мамандар Ағаділдің өліміне жүрек-қантамырының өткір жеткіліксіздігі себеп болғанын анықтады. Денесінде зорлық-зомбылықтан болатын қандай да бір жарақаттар анықталмады. Іске тартылған сарапшылар, сонымен қатар оның бауыры мен адвокаты тарапынан ескерту немесе өтініш берілген жоқ. Сот сараптамасының қорытындысы лабораториялық зерттеу нәтижесі бойынша беріледі. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда», - деп хабарлайды ведомстводан.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер