Йеменнің Эль-Байда провинциясында автожанармай құю станциясы мен газ қоймасының жарылды. Салдарынан 10 адам қаза тауып, 65 адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Yemen Online-ға сілтеме жасап.
Захер ауданында болған жарылыс тізбекті реакция тудырып, соның салдарынан екі көрші жанармай станциясы мен жақын маңдағы коммерциялық қоймалар өртеніп кеткен.
Жарылыс кезінде жанармай құю станциясында көп клиент болған. Бұл адамдардың өртенген кешеннен қашып шығуға тырысуынан хаос тудырды. Жергілікті үкімет өкілінің айтуынша, жанармай құю станциясындағы жарылыс салдарынан кем дегенде 10 адам қаза тауып, 65-тен астам адам жарақат алған.
"Жарылыстың себебі әлі белгісіз, оны билік органдары тергеп жатыр", – деп хабарлады Yemen Online.