Қазақты баспанамен қамтамасыз етуге болады!

2963
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-та жүргенде ірі қаланың орталығына жұмысқа ғана келетін, көп халық орталықтан 15-20 км қалашықтарда тұратынын көріп таң қалушы едім. Барлық коммуникация бар. Метро, су, газ, қаланың ішіндегі супермаркеттерге дейін орласқан.

Біздегі ірі қалалардағы халықтың баспана мәселесін шешпей жағдай әрмен қарай қиындай береді. Астана, Алматы, Шымкент сынды мегаполистер бірінші кезекте тұр. Астанадан Қорғалжын бағытында шықсаңыз мидай дала бос жатыр. Суын, жарығын, жолы мен мектебін, ауруханасын салып, сол жерден әрбір үйі жоқ азаматқа 10 соттық жер тегін беріп, салған үйдің ақысын 2-3%-пен 15-20 жылда төлейтін жағдай жасаса Қазақстанда баспанасыз қазақ қалдырмауға болады. Қарапайым мысал 15-20 мың халық тұратын Астанадан 15-20 км жерден 3-4 қала тектес ауылдар салып, үйсіздерге тегін жер беріп, таунхаустар, жер үйлер тұрғызып, 2-3%-тен асырмасаң баспана мәселесі халыққа арзан әрі тиімді шешіледі.

Алматыда қыс мезгілі 2-3 айдан аспайды, Шымкентте 1 ай қыс болса болды, болмаса ол да жоқ. Климат жайлы. Бұл мегаполистерде халықтың көбі жер үйге құмар. Қаладан 10-15 км жерден 10 соттық жерін тегін берсең өзі-ақ үй салып алады.

Егер әлеуметтік салада баспана мәселесі шешілсе халықтың басым бөлігінің қолдауын алуға болады. Маған түсініксіз осындай қарапайым шешімдердің неге біздің елде жасалмайтыны. Жер жоқ дейтін Сингапур емеспіз, ақша жоқ дейтін Ангола емеспіз осыны іске асыру соншалықты қиын деп ойламаймын Қазақстанның байлығымен. Астананың айналасынан 3-4 қала тектес ауылдарды салып, барлық коммуникациясын тартып беру Қазақстанға қиын?! Мен үшін бұл парадокс болар еді. Егер осыған шамамыз жетпесе онда шынында ресурсты тең бөлер менеджмент, басқару "не то" деген сөз біздің елде. Бұған мемлекеттің шамасы жетпейді дегенге елді сендіру де пардокс. Біз 18 млн халық, бір Стамбулмыз! Жері кең Қазақстанда 10 соттық жері жоқ қазақ. Это ненормально! Мұндай әділетсіздіктен ашынған халық "Х" сағатта мемлекетті қорғамайды. Бұл аксиома.

Бауыржан СЕРІКБАЙ

Пікірлер