Қытайдан 217 қазақстандық эвакуацияланды

3221
Adyrna.kz Telegram

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың хабарлауынша, тағы 217 қазақстандық Қытайдан эвакуацияланды.

"Олардың барлығы қазір медициналық мекемелерде тексеріліп жатыр. Олардың арасында короавирусты жұқтыру тіркелген  жоқ",- деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында.

Айта кету керек, ертең 12 ақпанда Қытайдан Қазақстанның 145 азаматын осындай рейспен шығару жоспарланып отыр. Көшіру аяқталғаннан кейін ҚХР аумағында 343 азамат қалады, олар Қытайда қалуға өздері  ниет білдірген.

Бұған дейін хабарланғандай, "Эйр Астана" әуекомпаниясының ұшақтары Пекинге 10 және 12 ақпанда аттанады. Қытай тарапының өтініші бойынша бұл рейстер Пекинге Қазақстандағы 47 Қытай азаматын, сондай-ақ ҚХР елшілігінің Қазақстанға коммерциялық емес жүгін жеткізуді жоспарлап отыр.

Еске салайық,  Уханьнан бұған дейін 2 ақпанда  83 қазақстандық эвакуацияланды, оның 80 - і студенттер. Кейін Қытайдан  427 қазақстандықтың оралғысы келетіні белгілі болды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер