Елімізде алда келе жатқан қазақтың ұлы ойшылы, әлем әдебиетінің жарқын тұлғасы, хакім Абайдың 175 жылдығына арналған шаралар басталып кетті. Жақында Алматыдаға Каркен Ахметовтың атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің шаңырағында: ''Абай мен Пушкиннің үндестігі'' немесе ''Абай и Пушкин созвучие муз’’- деп аталған әдеби кеш болып өтті. Бұл әдеби шарада екі елдің ұлы суреткер ақындарының шығармашылықтарының ұқсастығына мән берілген еді.
Айтулы шара басталмас бұрын, мектеп оқушылары оңтүстік қаламыздағы Абай атындағы көрнекті білім және өнер орындарын аралап, естілікке суретке түсті. «Адам білім ғылымды көбейту үшін екі қару керек : бірі пікірлеспек, екіншісі берік сақтау» –деп ұлы Абай айтпақшы.Осындай игілікті танымдық бағытқа арналған шаралардың жасұрпаққа берер маңызы өте зор екені даусыз. Өйткені, білген үстіне біле түсу, білген білімін шыңдай түсу талапты оқушыларға өте қажет.
Кеш барысында ''Абай дана, Абай –дара қазақта''-деген сала бойынша да пікір алмасып, ой толғанды. Абайдың қара сөздері мен Абай афоризмдері адамгершілік оқуының кодекстері іспеттес . Сонымен бірге Абай афоризмдері, өнегелі сөздері өшпес мұра ретінде бүгінгі таңда да өзекті екендігі жайлы сөз айтылып, оқушылар қызығы құлшына тыңдады. Абайдың әрбір өлеңінде үлкен философиялық мән-мағына жатқанын жақсы білеміз. Мысалы, ‘’Өлсем орным қара жер сыз болмайма’’-келер ұрпаққа қарата айтса, ‘’Уәзінге өлшеп тізілген... қайран тіл, қайран сөз-наданға қор болған’’-деп, ақынның күйіне айтып өзінің жан сырын шертеді.
Жалпы, Абайдың әрбір қара сөзі мен өлеңдері алып қарасақ, осы заманмен астасып, жататын өлмес тарихи мұра ретінде оқи береміз. Оқыған білген сайын, оның қаншалықты терең айтылғаныдығы көзіміз жете бастайды. Сонымен бірге орыстың ұлы классиктерінің бірі А.Пушкиннің өлеңдері де Абай дәуіріндегі қоғамдағы өмірді толғана айтатындығы екеуінің шығармашылық байланыстары мен үндестіктерін білдірсе керек.
Сондықтанда әдеби кеште екі бірдей ұлы ақындардың поэзиясына арнаудың да зор мәні бар еді. Ұлы сыншы В.Г.Белиниский А.С.Пушкин туралы: «мәңгі жасайтын және де мәңгі қозғалыстағы құбылыс-деп баға берді мемеспе. Мұны Абайда қоштайтаған. Сонымен бірге бұл кеште Абай мен Пушкиннің табиғат, махаббат лирикасына арналған өлеңдерін оқушылар екі тілде жоғары деңгейде мәнерлеп, көркемдік биіктікте оқып, тыңдаушыларға үлкен әсер қалдырды.
Ұлы тұлғаға арналған поэзия кеші әсем ән мен мың бұралған жасөпірім бишілердің биімен жалғасты. Өнер мектебінің «Дәстүрлі домбыра» үйірмесінің домбырашылары мен «Би» үйірмесінің бишілерінің қойған концертіне көреремендер ерекше қол соғып,ілтипат білдірді. Кешке келген қонақтармен айтулы мектеп –интернаттың оқушылары үлкен әсермен тарқасты. Бүгінгі кеште айтылған ұлағатты сөздер, ғасырды бір туатын ұлы ақынға арналар торқалы тойдың алдын-ала жабдығы деуге болар.
Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ