Home » Айдарлар » Ұлттық тәрбие » «Елім менің» отбасылық ойынға айналды

«Елім менің» отбасылық ойынға айналды

«Елім менің» жобасында өздерінің ел туралы білімдерін көрсеткісі келетін адамдардан қатысуға деген сұраныстар көптеп түсіп жатыр.  Қаншалықты патриот екендіктерін ел алдында сынға салмақ. Тіпті, спортшы Ардақ Назаров жары  журналист Маржан Болатқызына, ал «Ұлытау» тобының қатысушылары Ержан Әлімбетов әріптесі Алуа Махановаға қарама-қарсы топта бағын сынады.

Сонымен қатар, олардың  топтарында белгілі журналист Назира Бердалы,  эколог және саясаткер Мэлс Елеусізов тартысты ойын көрсетті.

Қазақ тіліне арналған екінші айналымда Назира Бердалы тілге деген өз біліктілігін айрықша көрсете білді. Әсіресе, тұрақты  сөз тіркестерінің баламасын тауып айтқаны көрермендерді таңғалдырмай қоймады.

Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама жеңімпаздарына «Қазақ энциклопедиясы» баспасы шығарған «Қазақстан тарихының төрт томдық энциклопедиясы», Сейіт Кенжеахметұлының «Қазақ салт-дәстүрлерінің энциклопедиясы»  кітаптары тарту етіледі. Бұл теңдессіз, құнды кітаптар қазақ халқының шежіресі мен қатар ұлттық киімдері, тағамдары, салт-дәстүрлерінен сыр шертеді.

«Қазақстан магниткасы» атанған Теміртау домна пеші шойынды алғаш рет  қай жылы балқытты?», ««Торта» сөзі қандай мағынаны білдіреді?» деген сауалдардың жауабын Қазақстан Ұлттық арнасында білуге асығыңыздар. Эфирде кездескенше…


Торғын ӘБУШАХМАН

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Шашыңды қима, бойжеткен, қырсық шалады!

Кісінің көркі болып саналатын шашта кие болатыны бағзыдан айтылатын болжам. Шашқа қатысты ырым, нанымдар да, ...