Түркиядағы ұшақ апатында жарақаттанғандардың арасында екі қазақстандық зардап бар,-деп хабарлайды Tengrinews.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып.
Қазақстанның Стамбулдағы Бас консулдығының ақпараты бойынша, 2020 жылғы 5 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де Стамбул әуежайына ұшақты қатты қондыру кезінде Қазақстанның екі азаматы зардап шекті. Олар Фатих Сұлтан
Мехмет клиникасына жатқызылды.
"Басконсуль жағдайды бақылауға алып, отандастарымызға көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Измир - Стамбул рейсіне бағыт алған ұшақ құлады. Соңғы мәліметтер бойынша, үш адам қаза тауып, 179 адам жарақат алды.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз