Ұшақ апатының қорытындысы 3 жыл ішінде шығады

507
Adyrna.kz Telegram

Ақтаудағы AZAL ұшағының апатын тергеу бойынша қорытынды есеп үш жыл ішінде бекітіледі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

25 желтоқсан күні авиациялық оқиғаны тергеу инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы бұйрығына сәйкес жүргізіліп жатыр.

"Бұйрықтың 32-тармағына сәйкес адам қаза болған авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру ұзақтығы комиссия құрылған сәттен бастап авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелері туралы қорытынды есеп бекітілген күнге дейін, сондай-ақ егер қосымша зерттеулер қажет болмаса, ереже 36 айдан аспайды”, – деп хабарлады министрлік.

Тергеу комиссиясының мүшесі, көлік вице-министрі 30 желтоқсан күні тергеудің алдын ала немесе аралық қорытындысы 30 күн ішінде дайын болатынын хабарлады.

Пікірлер