Ұшақ апатында қаза тапқандардың арасында кім екені анықталмағандар бар - Бозымбаев

231
Adyrna.kz Telegram
Фото: Markus Mainka/Shutterstock
Фото: Markus Mainka/Shutterstock

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары, үкіметтік комиссияның төрағасы Қанат Бозымбаев Ақтау маңындағы әуе апатын тергеу бойынша Қазақстанға сырттан қысым көрсетіліп жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

«Бұл – жалған ақпарат. Ешқандай ел бұл оқиғаның мән-жайын анықтау процесіне араласуға тырысып жатқан жоқ. Біз бұл тұрғыда ешқандай мәселе көріп тұрған жоқпыз», – деді Бозымбаев.

Оның айтуынша, Қазақстан тергеуге мүдделі елдердің барлығын қатыстыруды қамтамасыз еткен.

«Бұл ең алдымен үш ел. Олар - Әзербайжан, Ресей Федерациясы және Бразилия ( ұшақты өндіруші ел). Қазір 17 жұмыс істеп жатыр. Қысым көрсетудің мәні жоқ. Сонымен қатар, Қазақстан 1992 жылдан бастап Чикаго конвенциясының мүшесі болып табылады. Конвенцияға сәйкес, кез келген авиациялық тергеу жүргізу шешімін тергеу жүргізетін ел қабылдайды. Яғни, тек біз кімдерді тарту, кіммен жұмыс істеу және тағы басқаларын өз бетімізше шешеміз. Бұл қоғамда ешқандай сұрақ туындамауы үшін қажет», – деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Сондай-ақ, Қанат Бозымбаев ұшақ апатында қаза тапқандардың кейбірінің денесі әлі анықталмағанын айтты.

2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау маңында Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Баку (Әзербайжан) – Грозный (Ресей) бағытында AHY8243 рейсімен ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Әуе рейсі Астана уақытымен сағат 08:49-да Баку әуежайынан жоспарланған уақыттан 11 минут ерте ұшып шыққан. Грозныйда қалың тұман болғандықтан, ұшақ алдымен Махачқалаға, кейін Ақтауға бағытталған. Каспий теңізі үстінде экипаж «төтенше жағдай» сигналын жіберіп, шұғыл қонуға сұраныс жасаған. Ақтау әуежайы ұшақты қабылдауға дайындалып жатқанда, сағат 11:30-да ұшақ әуежайдан 3 шақырым жерде құлады.

Ресми апат себебі әзірге белгісіз. Әр түрлі болжамдар айтылуда. Қара жәшік сол күні кешке табылды, енді мамандар оның деректерін расшифровка жасайды.

Пікірлер