Иштван Бошкай турнирі: Қазақстандық боксшылардың нәтижесі

200

Венгрияның Дебрецен қаласында Иштван Бочкайды еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир басталды. Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.

Жарыстың бірінші күні рингке шыққан төрт боксшымыздың үшеуі жеңіске жетті. Ауыр салмақта өнер көрсететін Дамир Тойбай мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Дамир бірінші раундта жергілікті боксшы Ласло Фельфолдиді нокдаунға жіберді. Қарсыласы екінші раундта рингке қайта оралғанымен, оның секундтары жеңілісті мойындап, орамал тастады.

Ерлер

57 келіге дейін

Айдос Арапов (Қазақстан) - Майтева Тефо (Ботсвана) 5:0

75 келіге дейін

Ермахан Жақпеков (Қазақстан) - Магомед Алимсултанов (Ресей) 5:0

91 келіден жоғары

Дамир Тойбай (Қазақстан) - Ласло Фельфолди (Венгрия) мерзімінен бұрын жеңіс (2-раунд)

Әйелдер

57 келіге дейін

Ленка Бернардова (Чехия) - Айдана Забынбекова (Қазақстан) 5:0

Пікірлер