Британиялық боксшы Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) мексикалық Сауль Альваресті (53-1-2, 36 КО) келесі жекпе-жегі үшін сынға алды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.
Бұған дейін Альварес 24 мамырда Жапонияда Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жұдырықтасады деген аңыс тараған. Бұл ақпараттың кейін қауесет екені айтылған.
Сондерстің пікірінше, Мурата «Канелоға» лайық қарсылас емес. Бұған дейін Сондерс Альварестің ықтимал қарсыласы атанған болатын.
«DAZN-ға соған қарап, «Жоғал, сары ақымақ» деп айту керек. Белбеуіңді қоқыс жәшігіне таста», – деді Сондерс.
Еске салайық, Альваресте қазір орта салмақта WBC (Franchise) және WBA (Super), аекінші орта салмақта WBA (Regular) белбеуі бар.