Тәжвирусы жаһандық қаржы дағдарысына апарып жүрмесін

2303

Қытайда тәжвирусы шыққалы, Қытай юаньы қатты төмендеп кетті. Ал бұл ретте халықаралық сарапшылар арасында «бұл дерттің соңы қаржылық дағдарысқа апарады» дейтіндер де бар.

Жалпы, Қытай юаньның арзандауы алыс-беріс саудағы кері ықпалын тигізетіні даусыз. Юань қазір халықаралық резервтегі валюта ретінде үшінші орында тұр.  Ал мұндайда расымен де юаньның беделінің төмендеуі әлемдік экономикаға қалай ықпал етеді. Мамандардың пайымдауынша, ендігі кезекте алыс-беріс саудада бірқатар елдердің табысы да төмендей бастайды.

«Халықаралық валюта резервінде доллардың көлемі 41,73 пайыз болса, евроның көлемі 30,93 пайыз. Ал юаньнің көлемі 10,92 пайыз.   Қазір доллармен төлем жасау тек қана АҚШ үшін пайдалы болып отыр. Кейбір деректер доллармен берілген несие сыйақысының өзінен ғана Американың алты ай сайын 200 млрд доллар пайда көретінін растайды. Қазір әлем елдерінің валюталық қорының 40 пайызы доллармен сақталған. Сондықтан бұл арада өзге елдердің ұлттық валютасы құлап жатқанымен Американың қылы қисаймайды. Осыны ұққандықтан 2014 жылдан бері көптеген елдер валюта қорларына юань жинай бастады. Қытаймен сауда қарым-қатынасында доллармен емес, юаньмен төлем жасау үрдісі артты. Сондықтан бұл арада Қытай юаньның төмендегені біраз елдердің қалтасын қағады. Қазірдің өзінде біраз елдердің алыс беріс саудадағы табысы төмендеп кеткен»,- дейді экономист-ғалым Жұмаділда Баяхметов.

«Келешекте экономикада үлкен өзгерістер болады. Қытай қазір Оңтүстік Шығыс Азия қауымдастығына мүше елдермен юаньмен сауда-саттық жасауды тереңдетіп жатыр. Тіпті қор биржасында юаньмен есеп айырысу қолға алына бастады. Болжам бойынша алдағы бес жылда юаньның толық конвертациясы қалыптасуы керек. Өйткені қазір юань-рубль жұбы да жақсы қалыптасып үлгерді. Ресей мен Қытай өзара сауда саттықта юаньмен және рубльмен төлем жасай бастады. Теңге-юань жұбы да қалыптасып келеді. Қазақстан мен Қытай ұлттық валютада есеп айрысуды жолға қоя бастады. Сол тәрізді көптеген елдердің юаньға деген сұранысы артты. Ал бұл арада юаньның құнын жоғалтуы әлемдік экономика үшін аса қуантарлық жағдай емес. Тіпті мұның соңыц тағы бір қаржылық дағдарысмқа әкелуі де мүмкін»,-дейді  Жұмаділда Баяхметов.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket