Жекеменшік оқу орындарының болашағы неге бұлыңғыр?

3506
Adyrna.kz Telegram

"Цифрлы Қазақстанда, диплом сататын сапасыз оқу орындары болмауы керек. Елдегі талантты балалар шетел асып, білім іздеп кетпеуі үшін біз елдегі оқу орындарын талапқа сай етіп, оқу базасын халықаралық талапқа сай жетілдіргеніміз абзал",- дейді мамандар.

Бұл мәселе жайында Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев та көтеріп  диплом сатумен айналысатын жоғары оқу орындары туралы айтты.

«Біз мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға көтердік. Министрлік білім беру бағдарламасарын жаңартумен, сондай-ақ жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін арттырумен айналысуда. Бизнес пен жұртшылықпен диалог орнатылды. Енді Білім және ғылым министрі мен жергілікті атқарушы органдар осы міндеттерді дұрыс атқаруы тиіс. Қазіргі таңда елімізде білікті ұстаздардың тапшылығы айқын сезіліп отыр. Мамандардың жасы ұлғайған сайын олардың орнын басатын лайықты мұғалімдер жетіспей жатыр. 330 мың мұғалімнің 27 пайызы – зейнет жасын жақындаған немесе жеткен азаматтар. Сондықтан, қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгертуіміз керек. Бізге жаңа талаптарға сай мұғалімдерді даярлайтын жоғары оқу орындары қажет. Диплом сатып, жоғары білімнің беделін түсіретін жекеменшік оқу орындарынан біржолата құтылу керек, - деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы бұл мәселеге осымен екінші рет оралып отыр. Осыған дейін, 2019 жылдық желтоқсан айында   жастар жылының жабылу және еріктілер жылының ашылу салтанатында «Тағы бір маңызды міндет білім сапасын және қолжетімділігін арттыру болып отыр. «Атамекен» ҰКП деректеріне сәйкес, бүгінде ЖОО түлектерінің шамамен 60 пайызы мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмайды. Бұл біздің білімнің сапасын білдіреді. Жастар оқып жүріп әсіресе өзінің бейініне тән емес салада жұмыс істейтіндігін білеміз. Ақша табу – бұл жақсы. Бірақ, мүмкіндігінше өзінің мамандығы бойынша ақша тапқан жөн. Соған сай олардың оқуы мен еңбек қызметі параллель әлемде дамиды», - деген болатын.

Сарапшылар бұл мәселеге кіріспестен бұрын жан-жақты пысықтап алу қажеттігін айтады:  Қазір экономикадағы мемлекеттің үлесін барынша азайтуға басымдық берілген.  Одан бөлек, Қазақстандағы ең ірі оқу орындары КИМЭП немесе ҚБТУ, Назарбаев –Университеттің құрылтайшылары мемлекет дегенге ешкім сенбейді. Демек, мәселеге осы қырынан  келсек, осы күнге дейін мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту бағытындағы әрекетімізді жоққа шығарамыз.

Олардың бәрі жеке меншік сегменттің субьектілері.

Қазақ­станда барлығы 132 жоғары оқу орны бар. Оның 65-і жекенің иелі­гінде. Білім саласының сарапшылары арасында университеттерді қысқарту жұмысы алдымен жекеменшік ЖОО-лардан баста­латыны туралы болжам бар.

Сарапшылар мұндай үрдіс әлемдік тәжірибеде бар екенін айтады. Мысалы, 2018 жылы 2018 жылдың ақпанында «Ком­мер­сан­ть» газеті Ресейдегі ЖОО-лардың жартысы жұмысын тоқтатқанын, яғни жойылғанын жазды. «Ресейдегі жоғары оқу орындары мен олардың филиалдар саны үш жыл ішінде шамамен 1097 ұйымға қысқарды», делінген мақалада.

Ресей Федерациясының Жоғары білім және ғылым министрлігінің басшылығы хабарлағандай, «тазарту жұмысы» со­ны­­мен аяқталғаны айтылған.

Академик  Әділ Ахметов бізге білдірген пікірінде  мемлекет бұл ретте маман дайындау және сапа мәселесіне көңіл бөліп отырғанын айтады. Қазіргі ақпаратты технология заманы, даму деңгейі қазіргі қолданыстағы мамандықтарды роботпен алмастыруға болатынын айтып жатыр. Қазіргі ЖОО қабырғасында дайындалып жатқан мамандардың басым көпшілігін қазірдің өзінде роботтар алмастырып жатыр.

«Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Тоқаев қоғамды жаңа заманға дайындауды мамандықтарға деген көзқастардан бастау қажеттігін осыған дейін айтқан. Бұл ұсыныс соның жалғасы деп білемін» дейді академик.

Академик осы ретте ақпаратты технология барлық салаға дендеп еніп келе жатқанын айтты. Тіпті ауыр оталардың осы лазердің комегімен жасалады. Тіпті  адамның қан тамырының соғуы арқылы оның өтірік немесе рас айтып жатқанын анықтай алады. Сол себепті ЖОО-лар етек-жеңін жиып, жаңа талаптар мен сұраныстарға бейімделуді бүгіннен бастау керек.

Сарапшы Тоғжан Қожалиева  мемлекет басшысының ұсынысы қажеттіліктен туып жатқанын айтады. Себебі қазақстандық ЖОО-ға деген сұраныс деңгейі төмендеп кеткен. Талантты балалар елдегі емес, шетелдегі атақты ЖОО-ларға басымдық береді.

«Адамзат  демографиялық дағдарысты бастан кешіп жатыр. Өткен жылы ең төменгі шекті балмен ЖОО-ның грантына ие болғандарды көзіміз көрді. ЖОО-білімі қазіргідей кез келген адамға қолжетімді болмау керек. Сол себепті  қаптаған ЖОО-ды сүзгіден өткізу біздің осы саладағы мүмкіндіктерімізді шашыратып алмауға көмектестеді» дейді ол.

Сонымен, ұсыныс айтылды: Жекеменшік ЖОО-ы қысқартылды. Содан кейінгі әрекет не болуы керек!

Мемлекет бұл мақсатқа эволюциялық жолмен келуі тиіс дейді мамандар. Демек, жеке меншіктегі жоғары оқу орнына былтыр қабылданған түлек  қолына дипломын алғанша оқу орнының қысқарып кетуіне жол беруге болмайды. Мұны сол оқу орнына бөлінетін грант санын қысқартудан бастап, оны түлектеріне сұраныс жоғары оқу орындарына бөлуден бастау керек.

«Біз жаңа мамандарды дайындауды асығыстыққа жол бере алмаймыз. Қазақстандағы цифрландыру бағдарламасының алғашқы нәтижелеріне қарап, біраз жайттар анықталады. Сондықтан бұл жұмысты мемлекеттегі экономиканы сандық жүйеге көшумен бірге жүргізуге болады. Қандай мамандықтардың сұраныстан түсіп қалатынын  цифрландыру нәтижесі көрсетеді» дейді Тоғжан Қожалиева.

Рауан ІЛИЯСОВ,

«Адырна» ұлттық порталы

          

    

Пікірлер